Қазақстандықтарға зілзаладан кейін Түркияға саяхаттың мән-жайы түсіндірілді

© pixabay.com

Түркиядағы қайғылы оқиғалар - 100 жылда болмаған зілзаладан кейін туристер бұл елге демалуға барудан тайсалып қалды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы қайғылы оқиғалар - 100 жылда болмаған зілзаладан кейін туристер бұл елге демалуға барудан тайсалып қалды.

Tengritravel.kz редакциясы отандық турбизнес өкілдерінен Түркияға қай уақытта барған жөн деген сұрақ қойды.

Реклама
Реклама

Түркияның Hurriyet газетінде елдегі сейсмикалық қауіпті аудандардың картасы жарияланыпты. Басылым мәліметінше, курорттық мекендердің көбі - тікелей және жанама түрде қауіпті аймаққа кіріп отыр. Тектоникалық тақталар бір-біріне қабаттасып қалған жерден омырылған сызық Түркияны толықтай кесіп отыр. Оның үстіне кейбір геофизиктердің сөзінше, "туризмге қауіп төніп тұр" екен.

Дегенмен қазақстандық турбизнес өкілдері бұл танымал бағыттан бас тартуға әлі ерте деп отыр.

"Номад Иншуранс" КК" АҚ басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов кейінгі күндері туристерден жер сілкінісі туралы сұраныс түспегенін айтады. Бір ғана қиындық ол ауа-райына байланысты Ыстамбұлға қону және ол жақтан ұшу.

"Түркияның негізгі курорттық аймақтары Анадолы аумағында және Эгей мен Қара теңіз бағытында. Ал ол аймақтарда жер сілкінісі сезілмеген десе де болады. Сондықтан туристер әлі де демалыс немесе іскери кездесулерге аттанып жатыр", - дейді ол.

"Әскери қиымл немесе ТЖ енгізілген елдер тізімі бар, мұндай жағдайда ол елдер шекараны өздері-ақ жауып тастайды. Қазақстанның өкілетті органдары бармауға кеңес беретін елдер бар, ол елдерге туристтік сақтандырумен кіре алмайсыз. Ал егер азамат ол елге жағдай туындағанға дейін кіріп қойған болса, сақтандыру полисі сол елде болу мерзімі аяқталғанша жарамды", - дейді Иманжанов.

Алайда туристің ерікті сақтандыру шарттары бойынша, жаһандық апттар мен зілзала кепілге кірмейді.

"Дегенмен біздің туристер сақтандыру полисіндегі шұғыл көмек нөміріне хабарласа алады. Ассистанс қандай қызметке хабарласу керегін айтып көмектеседі. Мұндай кезде тегін медициналық жәрдем көрсететін және госпитальға тегін орналастыратын мемлекеттік қызметтер іске қосылады", - дейді сарапшы.

"Туристік Қамқор" қорының төрайымы Инна Рей жуық арада бәрі реттеледі деген сенімде.

"Қазір Түркияда туристтік маусым емес, сондықтан онда барамын деушілер қатары аз. Жақын арада жағдай тұрақтанады деп ойлаймын. Қазіргі таңда ең бастысы - зардан шеккендерге жәрдем беру, осыны ғана ойлау қажет. Ал жазға таман Түркияға еш уайымдамай ұша беруге болады", - дейді ол.

Ал Түркияға барудан айнып қалғандар болса, олар жолдаманы өткізіп, ақшасын толық қайтарып ала алады екен.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная