Карантин талаптарының күшеюіне қарамастан, туристік бағыттар әлі де әлемнің түкпір-түкпірінен келіп демалушыларды құшақ жайып қарсы алуда. Енді демалысқа шыққан саяхатшылардың жағдайы әлдеқайда жақсы деуге болады: қонақүйлерде және жағажайларда адам саны әлдеқайда аз, бұл коронавирусты жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге қазақстандықтарға осы күзде қай елдерге демалуға болатыны жайлы баяндайды.
Жаңа ережелерге байланысты қазақстандықтар елге оралмас бұрын коронавирусқа ПТР тестін тапсыруы қажет. Бұл анықтама болмаған жағдайда, әуе билеті болса да, жолаушыларды ұшаққа жібермеуі әбден мүмкін. Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі қазақстандықтардың үйлеріне анықтамасыз қайтуға құқығы бар екенін түсіндірді, соған қарамастан, тәуекелге бармай, елге оралардан бұрын сынақтан өтуге кеңес береміз. Сондай-ақ, ПТР сынағы оң нәтиже берген жағдайда және сіз демалыста болған елде карантинде қалсаңыз, арнайы сақтандыру құжатын алуды ұмытпаған жөн.
Түркия
Қазан айында аптап ыстық болмайды, сондықтан мұндағы демалыс жайма-шуақ күндерге тап келеді. Республиканың оңтүстігінде орташа ауа температурасы күндіз +25...+27 градусты құрайды. Су шамамен +24 градусқа дейін ысиды және жүзуге өте қолайлы. Бірақ қараша айында жылу азайып, суда уақыт өткізу ыңғайлы болмайтынын есте ұстаған жөн. Таңертең және кешке өте салқын болады, ал серуендеу кезінде сырт киім міндетті түрде алғаныңыз дұрыс.
© Shutterstock
Бұл мемлекет миллиондаған туристерді сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті, түрік халқына тән қонақжайлылығымен қызықтырады. Сондай-ақ, әрбір саяхат түрік дәмдері мен сауда-саттықсыз аяқталмайды десе болады.
Танымал туристік бағыттар: Мармарис, Белек, Анталия, Кемер, Алания, Бодрум және Сиде. Каппадокия шарлар алқабы жыл он екі ай әдемілігімен көз тартады. Сондай-ақ, елдің ең үлкен қаласы - Ыстамбұл.
Елге кіру үшін ПТР сынағы талап етілмейді.
Мысыр
Мысыр елі Қызыл теңіздің ғажайып су асты әлемімен ыстық климатымен туристерді тартады. Мысырда салқын ауа райы тек армандауға болады, сондықтан кез келген курорты жағажай демалысына қолайлы. Қазан айы – жағажайдағы барқыт маусымының дер шағы. Қызыл теңіздің суы желтоқсан айының ортасына дейін жылы боп тұрады. Сондықтан суңгу мен күнге қыздырынуды ұнататындарға Мысырда күзде де демалуға болады.
Мысыр пирамидалары, сафари, экологиялық таза теңізде дайвингпен айналысу туристерге өте ұнайды.
Танымал туристтік бағыттар: Шарм-эль-Шейх, Хургада.
Елге кіру үшін ПТР сынағы: кетуге дейін 72 сағаттан кешіктірілмей жасалған ПТР сынағының анықтамасы болу керек, болмаған жағдайда турист келген кезде 30 долларға ПТР тестін тапсыра алады. Азаматтығына қарамастан және алты жасқа толмаған барлық балалар ПТР тестінен босатылады.
ПТР анықтамасы мынадай талаптарға сай келгенде қабылданады:
- тестілеудің уақыты мен күні көрсетілу, талдау алған сәттен бастап 72 сағат ішінде есептеледі,
- анықтама мамандандырылған және ресми тіркелген (мемлекеттік немесе мемлекеттік емес) зертханада берілуі және зертхананың мөрімен расталған, түзетулер мен толықтыруларсыз болғанда;
- талдау үлгісінің түрі көрсетілуі керек;
- сынақ түрі (RT - ПТР) көрсетілуі керек,
- араб немесе ағылшын тілінде жазылуы тиіс.
БАӘ
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі күз – нағыз жаз десе болады, ауа температурасы 35 градус, су 28 градусқа дейін ысиды. Бұл жағажай демалысы үшін тамаша ауа райы болып табылады. Бұл күнге қыздырыну және жылу мен күннен ләззат алудың тамаша түрі. Айта кетсек, БАӘ-дегі ылғалдылық деңгейі айтарлықтай жоғары және кейде оны көтеру жеңіл емес, бірақ бұл теріге өте пайдалы болып келеді.
Шейхтердің керемет сән-салтанаты, тамаша қызмет көрсету және қауіпсіздік, түйемен сафари, дельфинарий, әлемдегі ең үлкен мешіт және әйгілі Бурдж Халифа зәулім ғимараты туристердің демалуы үшін осы елді таңдауының басты себебі болып табылады.
Танымал туристтік бағыттар: Дубай, Фуджейра, Рас әл-Хайма, Аджман.
ПТР анықтамасы мынадай талаптарға сай келгенде қабылданады:
- тестілеудің уақыты мен күні көрсетілу, талдау алған сәттен бастап 72 сағат ішінде есептеледі,
- анықтама мамандандырылған және ресми тіркелген (мемлекеттік немесе мемлекеттік емес) зертханада берілуі және зертхананың мөрімен расталған, түзетулер мен толықтыруларсыз болғанда;
- талдау үлгісінің түрі көрсетілуі керек;
- сынақ түрі (RT - ПТР) көрсетілуі керек,
- араб немесе ағылшын тілінде жазылуы тиіс.
Биыл БАӘ-ге баруға басты себеп, 2021 жылы 1 қазаннан бастап Expo 2020 Dubai басталды. Біздің еліміз де 191 қатысушы елдердің тізімінде. Қазақстан павильонында келушілер елдің қарқынды дамуы, оның мәдени әртүрлілігі, адам және табиғи ресурстардың байлығы, сондай-ақ туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы біле алады.
Мальдив аралдары
Мальдив аралдарындағы демалыс жыл он екі айға созылады, өйткені бұл тропикалық климатты ел. Жылдың кез келген уақытында ауаның орташа температурасы шамамен +27 градус. Кешке және түнде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Қараша айы - Үнді мұхитында сүңгу үшін тамаша уақыт.
Мальдив аралдары жердегі жұмақтай, еркіндік рухы ескен, Beach Bubble-ден сансыз жұлдызы жыпырлаған шексіз кеңістікті көру мүмкіндігі бар ерекше шыны құрылым, бұл судағы ыңғайлы бунгало, сонымен қатар, атақты спа процедуралары да бар.
Танымал туристтік бағыттар: Мале Атолл, Маафуши, Ари Атолл.
Елге кіру үшін ПТР сынағы: кетуге дейін 96 сағаттан кешіктірмей жасалуы тиіс.
Сондай-ақ, қазақстандықтар Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне барған қолайлы. Қазақстан азаматтарының Германияға және Нидерландыға тек ерекше жағдайларда (баланың дүниеге келуі, үйлену тойы, жерлеу рәсімі, ауыр науқас кезінде көмек көрсету) жақын туыстарына бару үшін кіруге рұқсат етіледі. ПТР тестілеу балалармен қоса, барлық адамдар үшін міндетті болып табылады.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.