Қазақстандықтарға Жаңа жыл мерекесіне Балиге саяхаттау ұсынылды

Қазақстанда жаңажылдық мерекелерге орай Балиға турлар сатыла бастайды. Әуе рейсі Алматыдан шығып, Стамбул және Дубай арқылы жүзеге асырылады. Толығырақ Kaz.tengritravel.kz тілшісі баяндайды.

Индонезия әлі де барлық қазақстандық туристер үшін ашық болмағанымен, қазақстандықтар, туризм индустриясы өкілдерінің пікірінше, жаңажылдық демалыстарын Бали аралында өткізуге мүмкіндік алады. Бұл үшін Индонезия астанасы - Джакартаға келуге рұқсат беретін іскерлік виза қажет. Анықталғандай, сіз Балиге Turkish Airlines және Fly Dubai транзиттік рейсімен, Стамбул және Дубай арқылы жете аласыз. Шектеу кезеңінде Индонезияға рейстер тек Индонезияның астанасы Сукарно-Хатта халықаралық әуежайы арқылы жүзеге асырылады. Ал ол жерден басқа провинцияларға (соның ішінде Балиге) ішкі рейстермен жетуге болады.

Денпасар (Бали) халықаралық әуежайы халықаралық рейстерге әлі жабық екенін және ішкі рейстерге тек жолаушылар қабылдайтынын ескертеміз.


© Shutterstock

Қазір аралға туристік бағыттар жабық, рейстерге тыйым салынған. Бірақ туроператор өкілі Светлана Ошерова қазақстандықтардың Балиге баруына жол бар екенін айтты. Осылайша, 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап ТМД азаматтарына Индонезияға электронды іскерлік визаны алу мүмкіндігі туды. Ол іскерлік визаның жарамдылық мерзімі 60 күн екенін елге кіргеннен кейін алты айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

"Электронды іскерлік виза - бұл туристер үшін Жаңа жыл кезінде Бали аралына барғысы келетіндер және ол жақта 6 ай мерзімге дейін қалуды жоспарлайтындар үшін қосымша мүмкіндік. Бұл виза онлайн режимінде, Индонезияға келуді жоспарланған уақыттан кемінде 14 күн бұрын беріледі. Оны өз бетіңізше жасай алмайсыз, өйткені оны тіркеу үшін Индонезиядан демеуші қажет. Бұл жағдайда демеуші - біздің серіктесіміз, қабылдайтын жақ Bounty немесе Pegasus Indonesia", - дейді Kompas туристік операторы Светлана Ошерова.

Компания өкілінің айтуынша, Балиге саяхат - бұл шақырту бойынша жүзеге асырылатын сапар. Демеуші Индонезия елшілігіне түсініктемемен хат жібереді: сапардың мақсаты, жоспары, брондау, шығындар, жұмыс қабілеттілігі және т.б. Бұл хат виза алуды жеңілдетеді және Индонезияға алаңсыз кіруге кепілдік береді.

© Shutterstock

Аралға келгеннен кейін қазақстандықтар мынадай құжаттарды көрсетуі қажет:

- электрондық визаның шығарылған беті;
- теріс ПТР сынағы, уақыты жеті күннен аспаған (Дубай әуежайында немесе Стамбулда көрсету үшін) және тағы бір ПТР сынағы, уақыты 14 күннен аспауы тиіс (Индонезия астанасының әуежайында көрсету үшін). Екі тест те ағылшын тілінде болуы қажет;
- аралда демалған барлық кезеңге, соның ішінде, COVID-19-ды да емдеуді қамтитын сақтандыру полисінің болуы;
- қонақүйді брондау.

Арал аумағында қоғамдық орындарда маска режимі қатаң сақталады. Тәртіп бұзушыларға 10-40 доллар аралығында айыппұл салынады.


© Shutterstock

Балиге турлар сатып алмас бұрын, Индонезиядағы коронавирустық жағдаймен және қазақстандық мемлекеттік органдардың әуе қатынасы туралы ресми ақпаратымен танысып алуға кеңес береміз. Бұған дейін Бали губернаторының орынбасары Чокорда Арта Ардана Сукавати арал 2021 жылдың басында халықаралық рейстер қабылдай бастайды деп айтқан еді.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.