Қазақстандықтарға АҚШ-қа визаны қалай алуға болатыны айтылды?

© shutterstock

Қазіргі уақытта қазақстандық туристерге шетелге шығу үшін бірқатар шектеулер енгізілген. Алайда, карантин мәңгі еместігіне сенімдіміз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге америкалық арман елге қалай баруға болатыны жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта қазақстандық туристерге шетелге шығу үшін бірқатар шектеулер енгізілген. Алайда, карантин мәңгі еместігіне сенімдіміз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге америкалық арман елге қалай баруға болатыны жайлы баяндайды.

Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығының ресми сайтында хабарланғандай, іскерлік немесе туристік виза алуға өтініш бергенде, сіз 10 жылға, ал студенттік визаның жарамдылық мерзімін 5 жылға дейін ала аласыз. Сонымен қатар, белгіленген уақыт ішінде елге кіруге және шығуға болады. Айта кетсек, "жарамдылық мерзімі" дегеніміз толық сол кезеңді емес, елге баруға болатын уақытты білдіреді. Сондықтан, он жылдық туристік виза АҚШ-та үздіксіз 10 жыл тұруға болады деген сөз емес.

"Он жыл - бұл барлық стандарттар бойынша ең ұзақ мерзім, бұл өте жақсы көрсеткіш. Әрине, көп жағдайда кеденде отырған офицерге де байланысты. Себебі, сіздің елге бару мезіміңізді сол шешеді",- дейді Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Алматыдағы АҚШ-тың бұрынғы бас-консулы Эрик Майер.

Реклама
Реклама

Сіз елге кірген сайын АҚШ-тың Кедендік және шекаралық қорғаныс бюросының қызметкері сапардың мақсаты туралы сұрақтар қояды және жалпы бару-келу уақытын біледі, соның негізінде елде болу мерзіміңізді анықтайды және қайту күнін белгілейді. Онжылдық туристік визалар туралы айта отырып, консулдық өкілдері қазақстандықтардың бір уақытта АҚШ-та алты айға дейін болу мүмкіндігін де атап өтті.

© Shutterstock

Іскерлік (В-1), туристік (В-2) және студенттік (F-1) визалар "иммиграциялық емес" визалар деп аталады және ең танымал болып саналады. B-1/B-2 келуші визасы Америка Құрама Штаттарына қысқа мерзімді іскерлік және демалыс сапарларына, сондай-ақ медициналық көмекке немесе достар мен туыстарға баруға арналған.

Иммиграциялық емес визалар, егер адам өзінің туған жерімен тығыз байланысын дәлелдесе және онда болғаннан кейін Америка Құрама Штаттарынан қайтатын болса ғана беріледі. Сонымен қатар, банк шотында іссапар шығындарын жабу үшін жеткілікті қаражаты бар екенін көрсету қажет. Елге кіру және шығу үшін сізде жол жүру құжаттары (әуе билеті) болуы қажет. Америка Құрама Штаттарында болған кезде сізде тұратын жер бар екенін дәлелдеу қажет. Көбінесе мұндай дәлел қонақүйді брондау болып табылады. Алдын ала сатып алынған билеттер мен қонақүйлерді брондау сізге Америка Құрама Штаттарына виза алуға кепілдік бермейтінін және виза беруден бас тартқан жағдайда күйіп кетуі мүмкін екенін білгеніңіз жөн.

Бірақ сіз ақшаңызды үнемдеуді қалап, достарыңызбен немесе отбасыңызбен тұратын болсаңыз ше? Онда сіздің достарыңыз немесе туыстарыңыз сізге тұратын мекенжай бар деген арнайы шақырту жіберуі тиіс, АҚШ-қа қонақүй брондамай-ақ виза алуға болады. Маңызды мәселе: хатта сапар кезінде сіздің тұрғылықты жеріңіздің мекенжайы көрсетілуі керек.

Иммиграциялық визалар Америка Құрама Штаттарында тұрақты қоныс аударғысы келетіндерге беріледі. Бұл бірнеше жағдайда жүзеге асырылады: егер туысыңыз болса және ол келуге қажетті өтінішті жіберсе. Сондай-ақ, болашақ жұбайы басқа елдің азаматы болған кезде, қалыңдыққа/күйеу жігітке (K1) виза алуға өтініш қарастырылады.

Сондай-ақ, Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс беруші сізді жұмысқа қабылдағысы келетін өтініш берсе, сіз жұмыс визасын ала аласыз (L -1).

Ерекше жағдайлар да бар, мысалы, ата-аналық туризм. Жаңа ата-аналар АҚШ-қа медициналық қызметтерді алу үшін және бала туылғанда іскерлік немесе туристік виза алуға өтініш білдіре алады. Бұл балаға туылғаннан кейін Америка Құрама Штаттарының азаматы болу құқығын береді және сәйкесінше Америка азаматтығын алу кезінде ата-аналарына да жеңілдік беріледі.

Алайда, 2020 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ-та жаңа ережелер енгізілді, оған сәйкес шетелдегі консулдық қызметкерлер өтініш берушіге саяхатының мақсаты тек АҚШ-та сәби дүниеге әкелу болса, В санатындағы (иммиграциялық емес) виза беруден бас тартады.

Медициналық қызметтерді алу үшін В-визасын алуға өтініш білдірушілер босануды қоса алғанда, АҚШ-та мұндай қызметтерді алуға келісімді растайтын құжаттарды, сондай-ақ виза алу кезінде осы қызметтерді төлеуге қаражаттың болуын көрсетуі керек. Бұл туралы консулдықтағы сұхбат барысында айтылады. Науқас туысына бару, іскерлік кездесулерге қатысу сияқты басқа мақсатпен Америкаға баратын жүкті әйелдерге виза беріледі.

© Pixabay.com

Кез келген виза түбіртегіне қайтарылмайтын консулдық алымдар төленеді. Бұл жағдайда "қайтарылмайтын" сөзі төлем сіздің виза алғаныңызға немесе алмағаныңызға қарамастан төленетінін білдіреді. Алым мөлшері виза түріне байланысты анықталады және 160 доллардан басталады. Консулдық алым жергілікті валютада төленеді (яғни Қазақстан үшін теңгемен), төлемді Халық банкінің бөлімшелерінде жүргізуге болады. Консулдық алым туралы түбіртектің жарамдылық мерзімі - бір жыл, яғни осы уақыт ішінде қажетті құжаттарды жинап, виза қызметкерімен сұхбаттан өту қажет. Егер бұл уақыт аяқталса, онда жаңа сұхбат жоспарлау үшін төлемді қайтадан жасау қажет.

Қажетті құжаттар:

1. DS-160 формасында электронды иммиграциялық емес визалық өтінім толтыру. Нұсқа Интернет арқылы жіберілуі керек, содан кейін сұхбатқа қағаз күйінде шығарып бірге алып келуіңіз керек.

2. Құрама Штаттарда болудың жоспарланған мерзімінен кемінде алты айға жарамды шетелдік паспорт.

3. Фото 5х5. Фотосуреттің жарамдылық мерзімі бар және ол соңғы 6 ай ішінде түсірілген болуы керек.

4. Қайтарылмайтын консулдық алымдарды төлеу туралы түбіртек.

Осы қажетті құжаттардан басқа, сұхбатқа қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін.

- Сіздің сапарыңыздың мақсатын растайтын құжаттар.

- Сіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді растайтын құжаттар (ай сайынғы банктен үзінді көшірме). Өтініш берушінің жеке қаражаты сапар шығындарын жабу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайларда, демеушілік туралы сенімді дәлел.

- Сіздің өтініш берушінің қаржылық төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар, мысалы, жұмыс орнынан анықтама.

- Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде тұрғылықты жеріңіз туралы ақпарат. Сізді Америка Құрама Штаттарына барғаннан кейін үйге оралуға мәжбүр ететін сіздің елмен тығыз байланыстың дәлелі.

- Сіздің қолыңызда бұрын берілген төлқұжаттар сияқты бұрынғы саяхат туралы куәлік.

- Егер сіз медициналық көмек алу үшін Америка Құрама Штаттарына кіретін болсаңыз, келесі хаттар қажет: емдеуші дәрігерден диагнозды, аурудың сипатын және АҚШ-та медициналық көмек қажет болатын себебін көрсету; АҚШ-тағы дәрігерден немесе ауруханадан, бұл сіздің жағдайыңызды емдеуге дайын екендігіңізді, емдеудің жоспарланған ұзақтығын және медициналық қызметтердің құнын көрсетеді.

Сіз сұхбат кезінде жасалатын әс-әрекеттің бірі саусақ іздерін түсіру болатынын білуіңіз керек. Ол 14 жасқа толмаған және 79 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарына мемлекеттік органдардың нұсқауы бойынша келетіндерге міндетті емес.

Қажетті құжаттар мен әрекеттерден басқа, виза алудың маңызды бөлігі сұхбаттасу болып табылады, иммиграциялық емес визаны мақұлдау немесе бас тарту оның қалай өтетініне байланысты. Сұхбат 2-3 минутқа созылады, және осы қысқа уақыт ішінде сапарыңыздың мақсатын түсіндіріп, визалық офицерді туған жерге нақты оралуға сендіру керек, сонымен қатар сіздің өмірбаяныңыз туралы сұрақтарға жауап беру қажет. Консулдықтар виза беруден бас тарту себебін түсіндірмеуге құқылы, бірақ іс жүзінде әрбір іс жеке болып табылады және консулдық қызметкерлерге де байланысты.

Визадан берілмесе сіз не себепті екенін ой елегінен өткізіп, ойланыңыз. Әдетте, бұл құжаттардың жеткіліксіз болуы, жалған ақпарат, "нөлдік" виза тарихы, заңмен мәселелер туындаған жағдайлар немесе банктік шоттағы қаражаттың жеткіліксіздігі болуы мүмкін.

© Pixabay.com

Айта кетсек, қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға байланысты сұхбат жүргізілмейді. "АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігі мен Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы иммиграциялық емес және иммиграциялық визаларды тіркеу мен сұхбаттасуды уақытша тоқтатады. Біз визалық қызметтерді мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз, бірақ әзірге нақты күнді айта алмаймыз. Визалық алым төленгені жарамды болып қалады. Төленген күннен бастап бір жыл ішінде және осы алым төленген елде виза алу үшін қолдануға болады",- делінген Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығының ресми сайтында.

Алайда, біз коронавирустық індет ерте ме, кеш пе аяқталады және сапар шекаралары қайтадан ашылатындығына бек сенімдіміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная