Қазақстандықтардың Шри-Ланкаға кіру ережелері қалай өзгерді?

© shutterstock

Міне, Шри-Ланка аралы, аудармасында "құтты мекен" деген мағына беретін, бірнеше жылдың жүзі болды қазақстандық туристер арасында кеңінен танымал, сұранысқа ие шетелдік демалыстың біріне айналды. Жаңа жылдан бастап бұл елде, оның ішінде қазақстандық туристер үшін демалу ережелері өзгерді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге саяхатқа дейінгі және саяхат барысында нені ескеру қажеттігі жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Міне, Шри-Ланка аралы, аудармасында "құтты мекен" деген мағына беретін, бірнеше жылдың жүзі болды қазақстандық туристер арасында кеңінен танымал, сұранысқа ие шетелдік демалыстың біріне айналды. Жаңа жылдан бастап бұл елде, оның ішінде қазақстандық туристер үшін демалу ережелері өзгерді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге саяхатқа дейінгі және саяхат барысында нені ескеру қажеттігі жайлы баяндайды.

Кіру ережелері

Шри-Ланка билігі кіру ережелерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартты. Енді аралға ұшар алдында сізге денсаулық туралы онлайн декларацияны немесе Health Declaration Form-ды толтыру қажет. Мұнда жолаушы туралы ақпаратты енгізу, төлқұжаттың сканерленген түрін, вакцинация туралы куәлікті (бар болса), сондай-ақ, 72 сағаттан аспаған теріс ПТР сынағының нәтижесін жүктеу керек. Көрсетілген поштаға тиісті QR коды жіберіледі, ол рейске отыру кезінде электронды немесе басып шығарылған түрде көрсетілуі керек.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, биылғы жылы ПТР сынағын тапсыру жасы ұлғайтылды. Сонымен, енді 12 жастан бастап балалардан кетуге дейінгі анықтама талап етіледі. Бұрын ПТР нәтижелері екі жастан асқан балаларда да сұралатын. Шри-Ланкаға екпе алған да, алмаған да азаматтар кіру үшін кету алдында алынған COVID-19 үшін теріс ПТР сынағы қажет.

Келгеннен соң коронавирустық вакцина алғандар мен алмағандар үшін шарттар айырмашылықтар болады:

Шри-Ланкаға келетін екпе алған туристер ағылшын тіліндегі вакцинация төлқұжатының түпнұсқасын немесе әуежайда аударманың расталған көшірмесін, ПТР сынағы мен денсаулық туралы декларацияны ұсынуы керек. Әуежайда олар 12 жасқа дейінгі балалармен бірге келгеннен кейін ПТР сынағынан босатылады, вакцинацияланбаған жасөспірімдер бұл сынақтан өтуі керек (құны - 40 АҚШ доллары, шамамен 17 500 теңге). Нәтиже теріс болса, оларға ата-аналарымен бірге саяхаттауға рұқсат етіледі. Одан әрі туристер 2-деңгейдегі қонақүйлерге орналаса алады. Онда тек екпесі бар келушілер тұрады, олар аралды еш шектеусіз аралай алады.

1-деңгейдегі қонақүйлер туристерге екпе төлқұжатынсыз да қолжетімді. Бұл типтегі қонақүйлер демалыс орнының қалған бөлігінен шартты түрде оқшауланған. Тіркеу алдында туристер әуежайда ПТР сынағынан өтіп, теріс нәтиже алуы керек. Жеті күннен кейін қайта тексеру болады, одан кейін баратын орындардың саны артады, бірақ соған қарамастан демалушылар тур бойы оқшау аймақта қалады. Сондай-ақ, екпе алмаған саяхатшыларға бір адамға $12 (5200 теңгеден астам) тұратын және келген күнінен бастап 30 күн бойы жұмыс істейтін жергілікті Local Covid Insurance сақтандыруын міндетті түрде жасатуы қажет. Оған тамақтану, емдеу, ПТР сынағы, интенсивті терапия және обсерватор/медициналық мекемеге ауыстыру кіреді.

Визаны қалай алуға болады

Шри-Ланкада демалуды жоспарлаған қазақстандықтар электронды визаға өтініш беруі керек. Ол жасына қарамастан барлық туристерге беріледі. Құны 45 доллар (шамамен 19 600 теңге). Виза елде 30 күнге дейін болу үшін төрт жұмыс күні ішінде алдын ала ашылады. Туристер онлайн өтініш береді. Қазақстандық туристік агенттіктерінде атап өтілгендей, бұл істі көбінесе туроператорлар жүзеге асырады. Құжаттардың ішінде төлқұжаттың сканері болуы қажет.

Берілген ақпарат Шри-Ланканың көші-қон қызметіне жіберіледі, ал дайын виза электрондық пошта арқылы жіберіледі. Қалай болғанда да, оны басып шығарып, өзіңізбен бірге алуыңыз немесе телефоныңызда скриншот ретінде сақтауыңыз керек. Сондай-ақ, шетелдік төлқұжат жоспарланған кіру күнінен бастап кемінде алты ай бойы жарамды болуы қажет.

Қалай баруға болады?

2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей әуе рейсі ашылды. Ал жыл соңына қарай рейстер жиілігі аптасына бес ретке дейін өсті, "Эйр Астана" дүйсенбі мен бейсенбіден басқа аптасына бес күн Алматы-Коломбо бағытында ұшады. Екі бағыттағы эконом-кластағы билеттер құны 220 мың теңгеден басталады, рейс ұзақтығы 6 сағат 30 минут, ал кері бағытта 6 сағат 40 минутты құрайды. Туроператорлардың айтуынша, бір ересек адамға бір аптаға билет құны рейсті қосқанда 500 000 теңгеден басталады.

Туристерге пайдалы кеңестер

Шри-Ланкадағы ауа-райы жыл бойы шамамен бірқалыпты температураны 20-30 градусты көрсетеді. Қазақстандық туристік агенттіктер тұтынушыларға қыста осы бағытты ұсынады. Аралдағы барлық тауарлар мен қызметтерді доллармен төлеуге болады немесе жергілікті валюта ланкиялық рупийді сатып алуға болады. АҚШ долларына қатысты шамамен айырбас бағамы 200:1 құрайды. Әуежайда дереу ақша айырбастап алған жөн.

Саяхатқа арналған киім туристің қайда баратынына байланысты ыңғайлы болғаны жөн. Мысалы, егер біреу тауға шығуды жоспарласа, онда кем дегенде ыңғайлы аяқ киім қажет. Жалпы, Шри-Ланка ылғалды ыстық климаты бар тропикалық ел. Сондықтан киім жеңіл және ауа өткізетін болуы керек. Ұзақ автобус сапарлары үшін жұқа күртеше немесе жемпір алуға болады, өйткені кондиционерлер әрдайым жұмыс істейді.

Ғибадатханаға кірген кезде денеңіз жабық болу керек. Құрғақ мезгілде де аз, бірақ қатты жаңбыр жауады. Сондықтан плащ киген жөн. Көбінесе адамдар аралға жағажай демалысына келеді, яғни күн қорғану, көзілдірік және қалпақ әрқашан қажет. Ең жиі кездесетін аурулардың алдын алатын алғашқы көмек жинағын алу қажет: ішектің бұзылуы, диарея, жеңіл жарақатта көмектесетін құралдар.

Танымал көрікті жерлері

Сигирия

Бұл жартастағы бекініс Шри-Ланкадағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген жеті нысанның бірі болып табылады. Ол біздің дәуіріміздің бесінші ғасырында салынған. Бір кездері бұл патша сарайы да, буддалық шіркеу де болған. Сигирия сонымен қатар бірінші мыңжылдықтағы ең маңызды қалалық құрылыстардың бірі болып саналады және әлемдегі ең көне ландшафты бақтардың үйі болып табылады. Туристерге айна тас қабырғаға назар аудару ұсынылады, оның жарқырап тегістелгендігі соншалық, тіпті патша одан өз бейнесін көре алды. Күннің ыстығынан және адамның көптігінен оңаша болу үшін Сигирияға таңертең барған жөн.

Нувара-Элиядағы шай империясы

Шри-Ланка - әйгілі Цейлон шайының отаны. Өйткені 1872 жылға дейін арал Цейлон деп аталды. Дүние жүзіндегі шай өндірісінің оннан бір бөлігі осы елдердің еншісінде. Нувара Элия Шри-Ланкадағы шай индустриясының орталығында орналасқан. Мұнда сіз терушілердің жұмысын тамашалап, өзіңізбен алып кетуге бірнеше үлгілерін сатып ала аласыз.

Шай әуесқойларына сэр Томас Липтон өзінің шай империясын құрған Хилл еліндегі Хапутале тауларына баруға кеңес береміз. Көлікпен көтерілуге болады (және одан да ыңғайлы), бірақ ашық аспан астында тук-тукпен жүру әлдеқайда қызықты. Күндізгі тұман айналадағы тауларды жасырмай тұрып, сапарды ертерек ұйымдастырған жөн.

Саябақтар мен қорықтар

Олар Шри-Ланка аумағының шамамен 14 пайызын алып жатыр. Удавалаве ұлттық саябағында 400-ге жуық піл мекен етеді, кең жайылымдары бар, сонымен қатар, бұталы джунгли мен өзен ормандарын көруге болады. Гал-Ойя ұлттық саябағы көптеген басқа саябақтарға қарағанда келушілерді аз қабылдайды, сонымен қатар ерекше тәжірибе ұсынады. Мұнда пілдер әдетте Сенанаяке Самудра көлінде жүзеді, ол - Шри-Ланкадағы ең үлкен су айдыны, мұнда оларды көру үшін қайықпен баруға болады. Әлемдегі азиялық пілдердің ең көп шоғырланған жерін көру үшін құрғақ маусымда (маусым/шілдеден қыркүйекке дейін), жүздеген піл айналасына жиналатын Кадулла немесе Миннерия ұлттық саябақтарына барған жөн.

Қабылан бірқатар ұлттық саябақтарда қорғауға алынған, бірақ оларды аралдың оңтүстік жағалауындағы Яла ұлттық саябағында оңай көруге болады. Мұнда үлкен мысықтар әрқайсысы бір шақырымнан астам аумақта мекендейді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная