Қазақстандықтар үшін Мальдив аралдарынан рейс қашан орындалады

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Мальдивтегі жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады. Бірінші рейс бүгін 18 мамырда жергілікті уақыты бойынша сағат 19:35-те ұшып, Алматыға сағат 03:05-те қонды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Сондай-ақ, 19 және 24 мамырда тағы рейстер орындалады. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күндік карантиннен өтуі керек.

"Эйр Астана" компаниясы үкіметтік шектеулерге байланысты Алматы-Мальдив бағыты бойынша рейстерді 2021 жылғы 31 мамырға дейін тоқтатқанын хабарлады. Рейстері тоқтатылған жолаушылар әуе билетін сатып алған жері бойынша билет құнын толық қайтара алады немесе 2021 жылдың қазанына дейін қоса алғанда басқа ашық күндерге билеттерді тегін қайта брондай алады", - деп хабарлады әуекомпания.

Қосымша ақпарат алу үшін билетті сатып алған жеріңізге немесе Брондау және ақпарат орталығына хабарласыңыз: +7 727 244 4477 / +7 702 702 4477.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!