Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Еуропалық одаққа мүше елдерде қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету үшін келіссөздер қалай жүріп жатқанын және Қазақстан қандай алғышарттарды ілгерілетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті.
Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.
Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:
визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу; консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту; өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту; көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!