Қазақстандықтар Түркияға кіруі үшін вакцинаның үшінші дозасы қажет пе?

Қазір вакциналау паспорты - сіздің саяхат мүмкіндіктеріңізді кеңейтудің ең жақсы тәсілдерінің бірі. Дегенмен, кейбір турист Түркияға вакцинаның екі дозасымен кіре алмаймыз деп қорқады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі ресми мемлекеттік органдардың түсіндірмелерін ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазір вакциналау паспорты - сіздің саяхат мүмкіндіктеріңізді кеңейтудің ең жақсы тәсілдерінің бірі. Дегенмен, кейбір турист Түркияға вакцинаның екі дозасымен кіре алмаймыз деп қорқады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі ресми мемлекеттік органдардың түсіндірмелерін ұсынады.

Түркияда "барлығы қосылған" жүйесі бойынша демалыс маусымы жақындап келеді. Ел туристерге кіруді жеңілдетеді. Алайда, Қазақстанда вакциналау басталғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті және көптеген адамның вакциналау паспорты алты айға жарамды. Бұл ретте үшінші дозаны барлық қазақстандық ала қойған жоқ. Осыған байланысты туристер оларды шекарада жібермеуі немесе қымбат ПТР сынақтарын тапсыруға мәжбүр етуі мүмкін деп қорқады.

Түркияның Қазақстандағы елшілігі туриске Түркияда танылған вакцинаның екі дозасын алуы тиіс екенін түсіндірді. Дипломатиялық өкілдіктің дерегінше, вакцина паспортының ескіру мерзімі болмайды.

Реклама
Реклама

"Вакциналау паспортының ескіру мерзімі жоқ. Егер турист вакцинаның толық курсын аяқтағанын растаса, ол вакцина алған деп саналады", - деп түсіндірді елшіліктегілер.

Туроператор-компанияның өкілі Светлана Ошерова Түркияда қазақстандық туристерден вакцинаның үшінші дозасы сұралмағанын айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдай тіркелмеген.

Алайда Қазақстанға кірген кезде туристердің вакциналау паспорттарының барлығы бірдей қабылдана бермейді. ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев елге кірген кезде алты айдан аспайтын мерзімге вакциналау паспорты қабылданатынын түсіндірді.

"Егер адам Қазақстанға басқа елден келсе және ол алты ай бұрын бірінші, екінші дозасын салдырған болса, онда оған ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ. Ревакцинациядан кейін ол алты ай бойы Қазақстанға кедергісіз кіре алады. Егер алты айдан астам уақыт өтсе, ПТР-тестін тапсыру керек. Егер адам екі компонент салдырса, онда ол бір жыл ішінде "жасыл" мәртебеге ие болады, ревакцинациядан кейін тағы бір жыл қосылады", - дейді ол.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная