Қазақстан Шри-Ланкаға келетін туристер саны бойынша бірінші орынға шықты. 2021 жылғы ақпанда Үнді мұхитындағы аралға 3 366 саяхатшы келген, олардың басым бөлігі Қазақстаннан барған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Үндістан туризм министрлігінің мәліметінше, ақпан айында Шри-Ланкаға келген 3 366 туристің 1 231-і Қазақстаннан, 845-і Украинадан, 245-і Германиядан, 119-ы Ресейден және 117-сі Қытайдан келген. Осылайша, қазақстандықтар Шри-Ланкаға келген жалпы туристік ағымның 36 пайызын құрады.
Сонымен қатар, 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Украина, Германия, Қытай және Ресеймен қатар Шри-Ланкадағы ең ірі халықаралық туристік нарықтардың бестігіне кірді. Осылайша, қазақстандықтар туристердің жалпы трафигінің 28 пайызын құрады. Туристік ағымның 51 пайызын Украина, ал Германия, Қытай 6 пайызын және Ресей Федерациясы 3 пайызын құрады.
2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда (ол кезде Шри-Ланкаға 207 507 турист келген) биыл Қазақстаннан келетін туристер ағыны 83 пайызға дерлік көбейген. Шри-Ланкадағы туристердің жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 99 пайызға төмендегенін атап өткен жөн: 2020 жылдың 2 айында 435 941 адам, ал 2021 жылы тек 5048 турист келді.
6 ақпаннан сәуірге дейін екі әуеакомпания Қазақстаннан Шри-Ланкаға чартерлік рейстермен ұшады. Апта сайын 350 қазақстандық аралға тікелей ұша алады.
Сіз саяхатыңызды Aviata.kz сервисімен жоспарлай аласыз. Бұл - әлемнің кез келген жерінде отырып, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ кез келген бағытта теміржол және әуе билеттерін жылдам табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.