Қазақстандықтар шенген визасын қашан ала алады - сарапшылар жауабы

Шенген аймағына үшінші елдер азаматтарының кіруіне уақытша шектеу енгізілгеніне бір жылдан асты. Алайда, соңғы кезде БАҚ-та визаның қайта беріле басталғаны туралы хабарламалар пайда бола бастады. Сарапшылар қазақстандықтар  Шенген аймағына қашан кіруі мүмкін екеніне қатыстыы пікірімен бөліседі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Қазақстандықтар үшін Шенген аймағының ашылуы Қазақстан мен Еуропадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Жазда біз туристік ағымның қалпына келуін күтпейміз, күзде де бұл мәселе қалады. Біз тек Еуропа елдерінен ғана емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан да шешім күтеміз. Қазір елдерде вакциналау жүргізілуде, мүмкін осыдан кейін елдер ашылады. Біз қазір кейбір ел вакцина салдырған туристер үшін шектеулер мен ПТР-сынақтарын алып тастайтынын көріп отырмыз.

Мысалы, қазақстандықтар Мысырға немесе Грузияға ПТР-тест тапсырмай, бірақ вакцина сертификаты болған жағдайда бара алады. Мұндай жүйені Еуропа елдері де ұстануы мүмкін. Бірақ бұл ерікті вакциналау екенін ұмытпаңыз, сондықтан туристерге шекарадан өту үшін ПТР-сынағы түрінде таңдау берілуі керек", - деді турагенттік директоры Максим Банин

Сонымен қатар, виза орталығының өкілі Арман Сыдықов туристер Шенген аймағына кіру үшін шекаралардың ашылуын күтіп отырғанын атап өтті.

"Қазір туристік Шенген визалары үшін құжаттар қабылданбайды. Бірақ елшіліктер іскерлік сапарлар, медициналық сапарлар, оқу үшін виза береді. Сұраныс жоғары. Адамдар Шенген аймағына виза қашан берілетіні, виза алудың қандай жолдары бар екенін сұрап, жиі хабарласады. Медициналық визалар медициналық орталықтың немесе клиниканың шақыруы бойынша беріледі. Олар өтініш береді, клиника есепшот ұсынады. Содан кейін олар клиникаға алдын ала төлем жасап, медициналық тексеруден өтуге шақыру алады", - дейді визалық орталықтың директоры.

Сондай-ақ Kaztengritravel.kz тілшісі елшіліктерге тікелей жүгінді. Германия елшілігі қазіргі уақытта Қазақстаннан саяхатшыларға арналған визалар кіруге қойылған шектеулерден ерекше жағдайларда ғана берілуі мүмкін екенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта Қазақстаннан шығу тек ерекше жағдайларда ғана мүмкін болады. Міндетті түрде қатты қажеттілік, маңызды жағдай болуы керек. Германияның Астанадағы елшілігінде, әрине, егер сапар шұғыл себептер бойынша қажет болса, виза алу мүмкіндігі бар", - деп түсіндірді елшіліктегілер.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!