Қазақстандықтар Ресейге отбасымен бірге бара алады

Азаматтардың тағы бір санаты Ресей аумағына кіруге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ресей СІМ Консулдық департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ресей Федерациясы үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 635-р өкіміне толықтырулар енгізілді. Ресей азаматтарының отбасы мүшелері болатын шетелдік азаматтар - ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балалары (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері, асырап алушылары, асырап алынған), сондай-ақ Ресейге жақын туыстарын күту үшін баратын шетелдіктер (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері, асырап алушылары) немесе Ресей Федерациясында тұруға рұқсаты бар шетелдіктер елге кіре алады.

Сонымен қатар, жақын туысының қайтыс болуына байланысты Ресейге келетін шетелдіктермен бірге келетін ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балаларға (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, туған ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері, асырап алушылар, асырап алынғандар) кіруге рұқсат етіледі.

"Егер ресейлік азаматтың Ресейге келгісі келетін шетелдік ағасы болса, онда ағасының қазір әйелімен, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларымен бірге келуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, егер Ресей азаматы Қазақстанда тұратын әпкесіне барса, енді ол Ресейден әйелімен және кәмелетке толмаған баласымен бірге жерүсті өткізу пункті арқылы өте алады", - деп түсіндірді департамент.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!