Қазақстандықтар осы жазда қай елдерде демала алады

Көптеген ел карантин шектеуін жеңілдетіп, шетелдіктер үшін шекараларын ашып жатыр. Шенген визаларын беруді қалпына келтіру кеңінен талқылануда. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен қазақстандықтар қазір қандай елдерге бара алатынын жазады.

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей қазір қазақстандықтарға туризм үшін Түркия, БАӘ, Мысыр, Шри-Ланка, Өзбекстан, Қырғызстан, РФ, Украина, Грузия, Тәжікстан, Черногория, Армения, Албания шекарасы ашық екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) ақпаратына сәйкес, қазір халықаралық рейстер аптасына 116 рейс жиілігімен 40 бағыт бойынша 13 елге орындалады.

Түркия

Түркияға аптасына 12 рейс бар: Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл бағыты бойынша екі рейс, Алматы - Ыстамбұл - төрт рейс, Алматы - Анталия - екі рейс, Шымкент - Ыстамбұл - екі рейс және Түркістан - Ыстамбұл - тағы екі рейс ұшады. Алдағы уақытта әуе рейстерінің санын арттыру жоспарлануда.

Қазақстан мен Анталия арасында 18 рейс орындауға рұқсат етілді


Ыстамбұл, © Shutterstock.com 

Қазақстандық саяхатшылардан елге келгеннен кейін карантин талап етілмейді. Алты жастан асқан барлық жолаушы Түркияға келгенге дейін кемінде төрт күн бұрын "саяхатшының кіру формасын" толтыруы керек. Мұны интернет арқылы жасауға болады. Туристерде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар медициналық анықтама болуы керек. Талдау ұшқанға дейін 72 сағат бұрын жасалуы тиіс.

Түркия билігі жазғы туристік маусымға дайын екенін мәлімдеді

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ)

Қазақстан мен БАӘ арасында аптасына 31 рейс жасалады: Нұр-Сұлтан - Дубай бағыты бойынша алты рейс, Алматы - Дубай 10 рейс, Нұр-Сұлтан - Абу-Даби және Алматы - Абу-Даби 2 рейстен, Алматы - Шарджа 3 рейс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қарағанды қалаларынан Рас-эль-Хаймаға бір рейстен орындалады.

БАӘ-ге сапарға шыққандар өзімен бірге ұшудан 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19 үшін ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама алу керек. ПТР-тестінің нәтижесі ағылшын немесе араб тілдерінде басылған нұсқада ұсынылуы тиіс. "Қолмен" жазылған деректері бар анықтамалар қабылданбайды.

Шетелдегі демалыс: қазақстандықтар қай елге жиі баратыны айтылды


Дубай, © Shutterstock.com     

12 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ ауыр және орташа мүгедектігі бар адамдар тесттен босатылады.

Дубайда саяхатшылар келгеннен кейін тағы бір COVID-19 ПТР-тестін тапсыру қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда олардан талдау нәтижелерін күту үшін қысқа мерзімді карантиннен өту сұралады. Егер тест нәтижесі оң болса, турист кем дегенде 10 күн ішінде мемлекеттік мекемеде, ауруханада, қонақүйде немесе жеке тұрғын үйде оқшауланады.

Дубайға кіру ережелерімен толығырақ мына жерден біле аласыз.

Мысыр

Қазақстаннан Мысырға аптасына екі рейс жасалады: Алматы - Шарм-эль-Шейх және Нұр - Сұлтан - Шарм-эль-Шейх (екі рейс-чартерлік, яғни ұшаққа билетті тек турпакет құрамында сатып алуға болады). Оларды "Эйр Астана" мен SCAT орындайды.

Бұл курортқа бару үшін қазақстандықтарға виза қажет емес. Алайда, егер турист Шарм-эль-Шейхтен кетіп, елге барғысы келсе, онда ол келген кезде виза алу керек болады. Оның құны - 25 доллар (шамамен 10 744 теңге).

Мысыр билігі туристерге арналған демалыс ережелерін жариялады


Мысыр, © Shutterstock.com      

Сонымен қатар, маусымның екінші жартысынан бастап қазақстандықтар үшін тағы бір бағыт - Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мысырлық Мерса-Матрух курорт-қаласы ашылады.

Мысырға кіру ережелерімен толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Мысырда мейрамханалар мен дүкендерге қойылған шектеулер жойылды

Шри-Ланка

21 мамырдан 31 мамырға дейін Шри-Ланка әуе жолаушыларын қабылдауды тоқтатты, бірақ арал саяхатшылар үшін қайта ашылды. Турагенттіктер тікелей ұшу пакеттерін ұсынады.

Елде толық локдаун 7 маусымға дейін ұзартылды - аймақаралық сапарлар шектеулі.

Шри-Ланка азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, саяхатшылар аралдың халықаралық әуежайларына бірқатар шектеуді сақтай отырып келе алады. Әрбір рейске тек 75 жолаушы, оның ішінде ел тұрғындары мен туристер жіберіледі.


Шри-Ланка, © Shutterstock.com     

Сонымен қатар, барлық келуші вакциналаудың болуына қарамастан ПТР-тестін тапсырып, екі апталық карантиннен өтуі керек.

Басқаша айтқанда, Шри-Ланкада елге уақытша жабылғанға дейін бекітілген кіру ережелері қайтадан қолданыла бастады.

Өзбекстан

Өзбекстанға аптасына 24 рейс бар: Нұр-Сұлтан - Ташкент бағыты бойынша алты рейс, Алматы - Ташкент 14 рейс, Ақтау - Үргенш төрт рейс. Uzbekistan Airways 12 рейс, "Эйр Астана" - 10 рейс, SCAT - екі рейс орындайды.

Түркістаннан Ташкентке әуе рейсі ашылады


Өзбекстан, © Shutterstock.com     

Өзбекстанға келген барлық жолаушы ұшуға дейін 72 сағат бұрын алынған ПТР-тест талдаудың теріс нәтижесі бар анықтаманы (ағылшын немесе орыс тілдерінде) ұсынуы тиіс. Құжат QR-кодты қамтуы тиіс немесе зертхананың ресми мөрімен және дәрігердің қолымен түпнұсқада ұсынылуы тиіс. ПТР-тест тапсырудан екі жасқа дейінгі балалар босатылды.

Қазақстанда Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган әуе рейстері ашылды

Ресей

Қазақстаннан Ресейге аптасына 10 рейс: Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша алты және Алматы - Мәскеу бағыты бойынша төрт рейс ұшады. "Эйр Астана" мен "Аэрофлот" әуекомпаниялары бес рейстен орындайды.

Қазақстанда Ресеймен құрлық шекарасын ашу туралы ұсыныс айтылды

Мәскеу, © Shutterstock.com      

Ресейге келетін қазақстандықтар (оның ішінде балалар) келгенге дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын жасалған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесін растайтын анықтаманы орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынуы тиіс. Егер бар болса, иммуноглобулин G (IgG) антиденелерінің анықталғанын растайтын медициналық құжаттарды да көрсетуге болады. Ережелермен толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Ұшақта қазақстандықтар сауалнама толтыруы керек.

Қырғызстан

Қырғызстанға саяхаттаушылар ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы қажет. Анықтаманың жарамдылық мерзімі материалды алған сәттен бастап Бішкекке рейстің ұшып келу уақытына дейін 72 сағаттан ерте болмауы керек. Құжат ағылшын немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Ұшу және рейстердің кешігуіне байланысты себептер бойынша анықтаманың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туристер келген жері бойынша ПТР-зерттеуден өтуі керек.

Қырғызстанда вакцина салдырған туристердің елге кіруі туралы ақпарат түсіндірілді


Ала Арча ұлттық саябағы, Қырғызстан, © Shutterstock.com     

Қырғызстанда вакцина паспорты бар адамдарды ПТР-тест ұсынудан босату туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Түркістаннан Бішкекке жаңа рейс ашылады

Украина

Украинаға Қазақстаннан төрт рейс: үшеуі Алматы - Киев бағыты бойынша және біреуі - Нұр-Сұлтан - Киев бағыты бойынша орындалады. Олардың үшеуін "Эйр Астана", біреуін Sky Up орындайды.


Киев, © Shutterstock.com     

Ережеге сәйкес, Украинаға кіру үшін сізде Украинада тіркелген сақтандыру компаниясы берген сақтандыру полисі (куәлік, сертификат) болуы керек, ол COVID-19 жұқтырып, ауырып қалған жағдайда емге, бақылауға байланысты шығындарды жабады және Украинада болу мерзімінде жарамды. Сіз оны мына жерден сатып ала аласыз.

Грузия

Алматы - Тбилиси бағыты бойынша "Эйр Астана" аптасына үш рет рейс жасайды. Fly Arystan алты рейс: Нұр-Сұлтан - Кутаиси, Ақтау - Кутаиси, Атырау - Кутаиси бағыттары бойынша екі рейс орындайды.

Грузия қазақстандықтарға ашылды. Коронавирустың әсерінен демалыс қалай өзгерді?

Шекарадан өтпес бұрын туристер арнайы электронды сауалнаманы толтыруы керек, онда соңғы 14 күндегі саяхат бағытын, сондай-ақ Грузиядағы тұрғылықты жері мен байланыс мәліметтерін көрсету қажет.


Тбилиси, © Shutterstock.com     

Саяхатшылар шекарадан өткенге дейін 72 сағат бұрын ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы керек. Ал шекарадан өткеннен кейінгі үшінші күні өз есебінен ПТР-тестілеуден қайта өту керек.

Қазақстан Грузиядағы туристер саны бойынша топ-10 ел қатарына енді

Тәжікстан

Тәжікстанға аптасына бір рейстен Алматы - Душанбе бағыты бойынша "Эйр Астана" және Somon Air рейстері қатынайды.

Жолаушыларда өзімен бірге теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасы болуы қажет, оның қолданылу мерзімі алған уақыттан бастап 72 сағаттан аспау керек.


Душанбе, © Shutterstock.com   

Үш жасқа дейінгі балалар ПТР-тестінің анықтамасын беруден босатылған. Душанбе әуежайына ұшқаннан кейін жолаушылар тегін экспресс-тесттен өтуі тиіс.

Черногория

Черногорияда Қазақстан азаматтарының кіруіне ешқандай шектеу жоқ. Қазақстаннан келген туристер үшін 30 тәулікке дейін визасыз режим әрекет етеді. Ал Черногорияның астанасына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тұрақты әуе рейстері 9 маусымда ашылады.


Подгорица, © Shutterstock.com    

Бес жастан бастап барлық туриске рейс келгенге дейін 72 сағаттан аспайтын уақытта жасалған теріс нәтижесі бар ПТР-анықтаманы ұсыну қажет. Егер турист AstraZeneca, Pfizer, Sinopharm және "Спутник V" препараттарымен вакциналаудың толық курсынан өткен болса, онда 30 күннен аспайтын уақытта берілген IgG антиденелерінің болуы туралы анықтаманы ұсыну жеткілікті.

Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстерінің саны артады

Маусымда қазақстандықтар жаңа бағыт бойынша - Адриатикалық және Ион теңіздерінің жағалауларында орналасқан Албания, Влер, Дуррес, Ксамил, Саранда және Шенджинге турға бара алады, сондай-ақ Албания астанасы Тирана қазақстандықтарға турпакеттер аясында қолжетімді болады.

Албанияға ұшар алдында ПТР-тестілеу талап етілмейді, бірақ транзит арқылы ұшу болғандықтан, Киевте 12 жасқа дейінгі балалардан басқа барлық адамға Украинаның мемлекеттік шекарасынан өткенге дейін 72 сағаттан аспайтын уақытқа берілген теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну қажет.


Албания, © Shutterstock.com    

Арменияға кіруге де ешқандай шектеулер жоқ.

Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, Арменияға әуе және құрлық шекараларының бақылау-өткізу пункттерінде кірген кезде туристер ең ұзақ мерзімі 72 сағат болатын COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижесін растайтын сертификатты ұсынуы тиіс.

"Ібілістің омартасы" мен тағдырдың найзасы. Армениядағы тастар симфониясына не үшін бару керек


Ереван, © Shutterstock.com    

COVID-19 вакцинасының екі компонентін алғаны туралы сертификаты бар саяхатшылар елге кірген кезде ПТР-тестін ұсыну қажет емес.

Таиланд билігінің де туристер үшін шекараны ашу жоспары бар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Пхукет, Самуи және Паттайя шілде айынан бастап туристер үшін аймақтарды мерзімінен бұрын ашу жоспарларын дайындады. Олар вакцина салдырған туристерді карантиннен босатқысы келеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан Беларуське ұшатын рейстердің санын аптасына төрт-алты есеге арттыруға рұқсат берді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.