Қазақстандықтар Ай мен Күннен кейін екінші тұрған ғаламшар - Шолпан жұлдызының жақындаған сәтін видеоға түсіріп алды. Видео кадрлары әлеуметтік желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Астрономия мамандары Ай мен Шолпан жұлдызын тамашалудың ең тамаша уақыты - ол ымырт енді түсе бастаған сәт, аспанда өзге жұлдыздардың әлі көрінбей тұрған шағы екенін айтады. Осы мезетте айтып отырған қос ғаламшар арнайы құралсыз да көзге анық көрінеді.
24 мамырда Ай толып келеді. Бұл ай күнтізбесінде алтыншы күн.
Айта кетейік, 23 мамырда Шолпан жұлдызы Айға барынша жақындап, көзге анық көрініп тұрды. Бұл құбылыстың фотосы мен видеокадрларын түрлі ел мен қала тұрғындары бөлісіп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!