Жер-жаһан 08 желтоқсан 2021 09:03

Қазақстандық туроператорлар Мальдивтегі "омикрон" штамы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Мальдивтерде "омикрон" штамымен инфекцияның алғашқы жағдайы анықталды, бірақ аралдарға кіру шарттары әлі де өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне қазақстандық туроператорлар мәлімдеді.


Мальдивтерде "омикрон" штамымен инфекцияның алғашқы жағдайы анықталды, бірақ аралдарға кіру шарттары әлі де өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне қазақстандық туроператорлар мәлімдеді.

Мальдив Республикасының билігі "омикронның" - COVID-19 жаңа нұсқасын жұқтырудың алғашқы жағдайын растады. Бұл жағдай туристен алынған оң үлгіде жүргізілген геномдық реттілік нәтижесінде белгілі болды.

Қазақстандық туроператор бас директорының орынбасары Әли Әлиев "қазір шетелдік туристер үшін аралдарға кіру шарттарының өзгеруіне қатысты ешқандай жаңалық жоқ - шарттар бұрынғысынша қалады" деп мәлімдеді.

Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей Мальдивтің жабылуы туралы айтуға әлі ерте деп санайды.

"Жақында бұл штамның әртүрлі елде табылғаны туралы ақпарат тарай бастады, бірақ қазіргі уақытта мәселе тек бір елді (Мысыр - авт.) жабу туралы болып отыр, басқа елдер талқыланбайды.

Дегенмен, ол Африка аумағында табылды, сондықтан бұл елдерге ерекше назар аудару орынды, басқа елдер үшін мәселе қойылмайды және талқыланбайды. Менің ойымша, бұл штамның қаупі туралы ақпаратты күтуіміз керек, содан кейін ғана шаралар қабылданады", - деді Инна Рей.

Қазақстанның Мысырмен әуе қатынасы "омикрон" штамының табылуына байланысты тоқтатылғаны белгілі. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Мысырдағы демалысқа балама мәселесі қаралды. Аталған елдердің қатарына БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив және Үндістан кіреді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!