Қазақстандық шоколадқа тәнті болған америкалықтың видеосы трендке шықты

Әлеуметтік желіде америкалық әйелдің видеосы вирусқа айналды, ол қазақстандық шоколадқа шынайы тәнті болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видеода АҚШ тұрғыны еліміздің шоколадын сүйсініп жейтінін айтады.

"Былтырлары басқа студенттер маған осы шоколадты сыйлаған еді. Мен оның дәмін таттым да былай дедім: "Иә, мынау америкалықтан әлдеқайда жақсы". Ол табиғи әрі тәтті. Сол себепті бұл шоколад - алтын", - дейді әйел видеода.

@ospnv_1 А вам нравится Казахстан шоколад? #шоколадказахстан #америка #реакция #казахстан #ospnv #viral #rec ♬ оригинальный звук - Arystan ??

Жазбаға пікір қалдырғандар саны 500-ден асып жығылады, олар қазақстандық шоколадқа қатысты өз оқиғаларын баяндаған.

"Керемет жақсы көремін осы шоколадты, бірақ мен Қазақстанның азаматы емеспін", "Германияда да осы шоколадты жақсы көреді, сыйлыққа әкелген еді", "Дәмі керемет емес, мен ащы шоколадты ұнатпаймын", "Менің ойымша, бұрын дәмі жақсы еді", - деп жазды оқырмандар.

Видеоны 18 жастағы қазақстандық студент Арыстан Оспанов түсірген екен, ол АҚШ-қа Work and Travel бағдарламасымен барған. Жас жігіт Астана тумасы, бірақ Алматыдағы ЖОО-лардың бірінде оқиды екен.

"Мен қазір Вильямсбург қаласындамын. Жазға Work & Travel бағдарламасымен келдім. Әткеншектер саябағында жұмыс істеймін. Мұнда жатақханада тұрамын, жанымда осы бағдарламамен келген екі жігіт бар. Біз келген кезде ресепшнде тамаша әйел отырды, ол бізге әбден көмектесті. Менің досым оған қазақстандық шоколадты ұсынды. Ол қуанып кетті, реакциясын видеодан көруге болады. Ролик кенеттен түсірілді", - дейді Арыстан.

Арыстан оқуын тәмамдап, өнер адамы ретінде қалыптасып, әлемді шарлауды армандайды екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!