Қазақстандық жалғызбасты ер адамдарды Түркияның кейбір қонақүйі кіргізбейді

Фото ©Shutterstock

Түркиядағы кейбір қонақүй жалғызбасты ер адамдарды жалға алушы ретінде қабылдамайды. Қонақүйлердің тізімі мен себептерін Kaz.tengritravel.kz тілшісі анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы кейбір қонақүй жалғызбасты ер адамдарды жалға алушы ретінде қабылдамайды. Қонақүйлердің тізімі мен себептерін Kaz.tengritravel.kz тілшісі анықтады.

Түркияның курорттық қонақүйлері жалғызбасты ер адамдарға кіруге тыйым салуды қолданады. Сонымен қатар, олардың бірқатары - танымал қонақүйлер желісі. Қазақстандық туроператорлардың мәліметінше, түрік жағалауындағы қонақүйлердің көпшілігі отбасылық демалысқа бағытталған. Онда тәуліктің кеш уақытында шулы кештер өткізбейді. Мұндай тыйым салу арқылы қонақүйлер өздерін және қонақтарды проблемалардан қорғайды.

Реклама
Реклама

Қонақүйлердің саясаты бойынша, егер ер адам Түркияға жалғыз немесе ерлер компаниясында келсе, мас болу салдарынан зорлық-зомбылық пен төбелес сияқты жағымсыз жағдайлардың пайда болу қаупі артады.

"Түркияда жынысқа қатысты ешқандай шектеулер жоқ екеніне қарамастан, сізді қабылдамауы мүмкін бірқатар қонақүй бар. Мұны "қонақүй саясаты" деп атайды. Мұның себебі - ерлердің демалушы әйелдерге қатысты іс-әрекеті. Сондықтан, егер сіз бір немесе басқа ер адаммен саяхаттасаңыз, кейбір қонақүй кіргізуден бас тартуы мүмкін", - дейді туроператор өкілі Светлана Ошерова.

Түркияда мұндай 200-ден аса қонақүй бар. 

Мұндай жағдай Мысырда да байқалады. Сондықтан, қазақстандық туроператорлар жалғызбасты ер адамдарға Мысырға билет сатып алмас бұрын қонақүйге орналасу шарттарын салыстырып тексеруді ұсынады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная