Қазақстандық бизнесмендерге Израильге кіруге рұқсат берілді

"Жасыл" және "қызыл" елдерден келген бизнес-қауымдастықтың шетелдік өкілдеріне Израильге кіруге және 7 (168 сағат) мен 4 тәулікке (96 сағат) дейін болуға рұқсат етілді. Бұл туралы Израильдің Туризм министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Ведомствода көрсетілгендей, "қызыл" аймақта орналасқан елден Израильге кіру үшін немесе оған 14 күн ішінде барған кезде жолаушыдан сапардан кем дегенде 48 сағат бұрын жасалған теріс ПЦР тест анықтамасы талап етіледі. 23 қазандағы жағдай бойынша, Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан "қызыл" аймақтағы ел болып табылады.

Сонымен қатар, Израиль компаниялары мен экономикасына қосар үлесі өте маңызды адамдар үшін және іскери кездесулер виртуалды өткізілмейтін жағдайларда ғана бизнес өкілдеріне елге кіруге рұқсат берілгендігі атап өтілген. Израильге кіруге рұқсат алу жөніндегі нұсқаулықты мына жерден оқи аласыз.

Сонымен қатар, осы екі санаттағы азаматтарға келгеннен кейін өздерін оқшаулау талап етілмейді, бірақ олар бірқатар эпидемиологиялық ережелерді сақтауы қажет.