Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Мальдив аралдары арасындағы әуе қатынасын тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл туралы Кaz.tengritravel.kz тілшісіне Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай шешім Мальдив аралдарындағы коронавирусқа қатысты қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды.
"Мальдив аралдарында вирус жұқтырған адамдар саны өсіп жатыр. Біз науқастар саны азаяр деп ойладық, бірақ көріп отырғанымыздай, жағдай қиындай түсуде. Бүгінгі таңда біздің туристер қауіпсіз жерде. Олар аралдарға бөлініп жерлесті. Онда коронавирус жұқтырмауы үшін барлық жағдай жасалады. Дегенмен туристер вирустың қауіпті штамын әкелуі мүмкін деп қауіптенеміз, ал оның салдары ауыр болады. Сондықтан ведомствоаралық комиссияның осы бағытты жабу туралы дәлелдерімен келісуге мәжбүр болдық", - деді Инна Рей.
Туроператорлар қауымдастығының басшысы бұл шешімге байланысты туристерге алаңдаудың керегі жоғын түсіндірді.
"Туристер 22 мамырға дейін өздерінің жоспары бойынша шығарылады. Олар қалай оралу керек еді - солай қайтып келеді. Ал келесі рейстер шығындарды азайту үшін "Эйр Астанамен" біріктіріледі немесе оңтайландырылады. Егер тур сатып алып қойған болсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. "Эйр Астана" өз міндеттемелерін толық көлемде орындайды. Ұшпаған туристерге туроператорлар қаражатты қайтарады немесе оларды депозитке салады (қаражат туроператордың депозитінде қалады, содан кейін оларды басқа турларды сатып алу үшін пайдалануға болады - еск.) немесе турды қолайлы жағдай жасалған елге ауыстырады", - деп сендірді Инна Рей.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!