Қазақстан ең қонақжай елдер рейтингінде нешінші тұрғаны белгілі болды

© pixabay.com

Passport Index сарапшылары ең қонақжай елдер рейтингін жаңартты. 2023 жылы туристер үшін "шырайы жылы" елдер қатарына бірден жиырма мемлекет кіріп отыр. Ал Қазақстан бұл тізімде Марокко мен Қырғызстан аралығында тұр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Passport Index сарапшылары ең қонақжай елдер рейтингін жаңартты. 2023 жылы туристер үшін "шырайы жылы" елдер қатарына бірден жиырма мемлекет кіріп отыр. Ал Қазақстан бұл тізімде Марокко мен Қырғызстан аралығында тұр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Тізімде ең жоғары тұрған 20 ел әлемнің 198 мемлекетінен келгендерге жеңілдетілген тәртіппен кіруге рұқсат береді.

Олар Габон, Мальдивы, Эфиопия, Гвинея-Бисау, Ангола, Джибути, Боливия, Бурунди, Шығыс Тимор, Микронезия, Сомали, Малави, Конго, Оңтүстік Судан, Нигерия, Комор аралдары, Гвинея, Кот-д'Ивуар, Камбоджа, Тувалу, Самоа және Руанда (бәрінде 198 балл).

Реклама
Реклама

passportindex.org сайтынан скриншот

Бұл рейтинг мемлекеттің сырт елден келген туристерді визасыз немесе келе сала бірден беретін виза арқылы қабылдау мүмкіндігіне байланысты құрылды.

Қазақстан тізімде 77-орында тұр, Мароккомен қатар: екеуінде де 77 балл. Біздің ел әлемдегі 37 елдің азаматын визасыз кіргізеді, ал тағы 51 елден келгендерді әуежайдан түсе сала жасатқан визамен қабылдай береді.

passportindex.org сайтынан скриншот

55-орында Қырғызстан мен Оман (80 балл), ал Украина, Таиланд, БАӘ және Солтүстік Македония 54-орында, Ресей 64-ші екен. Соңғы 85-орында Түркіменстан, Ауғанстан және Солтүстік Корея.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная