Қазақстан азаматы Арменияға барып, зиянсыз әрекетімен жергілікті тұрғындарды әбігерге салды

© pixabay.com

Қостанайлық Дидар Шадаев есімді саяхатшы Tengritravel.kz тілшісімен сұхбатта Арменияға сапарынан алған әсерін бөлісті. Ол мәдени ерекшеліктерді, армениялық дәмді тағамдарды, таңғажайып табиғат пейзаждарын және жергілікті халықтың қонақжайлығын атап өтті. Кейіпкердің айтуынша, ол бір-ақ рет төлем жасағанының өзіне армян достары, тіпті, ренжіп қалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайлық Дидар Шадаев есімді саяхатшы Tengritravel.kz тілшісімен сұхбатта Арменияға сапарынан алған әсерін бөлісті. Ол мәдени ерекшеліктерді, армениялық дәмді тағамдарды, таңғажайып табиғат пейзаждарын және жергілікті халықтың қонақжайлығын атап өтті. Кейіпкердің айтуынша, ол бір-ақ рет төлем жасағанының өзіне армян достары, тіпті, ренжіп қалған.

23 жастағы қазақстандықты Арменияның жергілікті халқы, көркем табиғаты мен таулары ерекше таңғалдырған. Сондай-ақ, белгілі бір тауарлар мен қызметтердің бағасына да оның назарына іліккен.

Арменияның қонақжай тұрғындары

Реклама
Реклама

«Мені адамдар таңғалдырды.Мен мұндай бақытты, мейірімді, жанашыр адамдарды еш жерден кездестірген емеспін. Олар туристерді алдап, пайда табуды көздемейді. Сондай-ақ, табиғаты мен мәдениеті таңғалдырды. Достарым мені сондай жылы лебізбен қарсы алды. Армяндар тіпті маған басқа елдерден хат жазып, уайымдап, қажет болса көмектерін ұсынып жатты. Менің ойымша, "қонақжай" сөзінің синонимдеріне "армян" сөзін қосуға болады", - дейді Дидар

Гастрономиялық жаңалықтар

Жігіт саяхат жазбаларын бөлісе отырып, өзінің гастрономиялық тәжірибесі туралы да айтты. Ол Арменияда қонақтарға мол дастархан жайып, ең дәмді тағамдармен сыйлау әдетке айналғанын атап өтті.

"Арменияда болғанда достарым мекемелерде есепшотты төлеуге рұқсат бермеді. Мен бір рет төлеген кезде маған, тіпті, ренжіп қалды.

Бір күні мені саяжайға шақырды, онда 5 адамға 5-6 келідей кәуап пен көп шарап әзірленді.

Маған ұнаған тағамдардың ішінде долманы ерекше атап өте аламын. Олар қырыққабат орамдарын біршама еске түсіреді, бірақ қырыққабаттың орнына жүзім жапырақтары қолданылады. Армениядағы соңғы күнімде Гарни мен Герар деген көрікті жерлерге бардым. Бұл орындардың айналасында туристер мен саудагерлер көп болды. Міне, мен армян матнакаш (нан – ред.) жеп көрдім..." - дейді жігіт.

Кейіпкердің суреті

Мәдениет пен тілге құрмет

Саяхатшы армяндардың өз мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншілігі және адалдығына таңғалғанын бөлісті. Ол жергілікті тұрғындармен тілдесуден алған әсерін айтты.

"Қасында армян тілін түсінбейтін адамдар болса да, армяндардың бір-бірімен өз тілдерінде сөйлесуі таңғалдырды. Олар өздерінің мәдениеті мен тілін өте құрметтейді. Мен көптеген елдерде болдым, бірақ Арменияның қонақжайлығы сөзсіз бірінші орында", - деп атап өтті Дидар.

Арменияның табиғаты

Сонымен қатар, турист Арменияның табиғаты оның сапардан алған әсерлеріне қалай әсер еткеніне назар аударды. Ол армян таулары мен табиғи қорықтарының сұлулығын сипаттады.

Кейіпкердің суреті

"Ең үлкен тосынсый Гарни пұтқа табынушылық ғибадатханасының аттракционы болды. Мұнда табиғат сондайәдемі.

Тағы бір қызықты факт: Армениядағы су өте таза, олар сүзгілерді пайдаланбайды, өйткені ағын су өте дәмді, ең таза. Ереванда сіз қаланың айналасында көптеген пулпулактарды көре аласыз - бұл ауыз суы бар шағын субұрқақтар.

Жалпы Арменияның табиғаты өте әдемі, аздап Қазақстанға ұқсайды. Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты Дилижан ұлттық саябағына бара алмадық. Достарым бізге түнде жүргенде осы жерге баруға кеңес берді. Ол жерден Арменияның таулары мен табиғатының кереметін көруге болады", - деп бөлісті саяхатшы.

Кейіпкердің суреті

Бюджет және таңғаларлық баға

Дидардың айтуынша, достары күтіп алғаннан кейін ол сапарға көп шығындалмаған.

"Тұратын жердің ақысы, тамақтың бағасы сияқты қолжетімді. Мен сапарға қанша кеткенін айта алмаймын, себебі көп жерде өзім төлемедім және көп нәрсе тегін болды.

Төрт күн түнеуіме шамамен 80 доллар (50 000 теңгеден аса) кетті, себебі мен бөлме жалдадым. Такси Алматыға қарағанда арзан, 1500-2000 теңгеден қымбат емес. Дәмханаларда адам басына орташа баға 5000 теңге болды. Астанадан Ереванға билетін багажсыз 50 000 теңге болды. Кері бағытта Грузияға бардым.

Ұлттық парктерге кіру тегін, сондықтан қыдырғанда шығындалмадық. Бұл елдердегі жанармай бағасы таңғалдырды. Грузияда литрі шамамен 500-550 теңге, ал Арменияда 550-600 теңге болды. Бұл біздегі бағалармен салыстырғанда әлдеқайда қымбат", - деп түйіндеді саяхатшы.

Өте маңызды да шұғыл жаңалықтар қазақша мына жерде – Massaget.kz сайтын оқыңыз!

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная