Қазақстан арқылы әлемді шарлайтын бірегей тур ашылады

@Shutterstock

Ұлыбританиялық туркомпания ұшақсыз, тек пойыз және жүк кемелерімен дүние жүзіне саяхат ұйымдастырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық туркомпания ұшақсыз, тек пойыз және жүк кемелерімен дүние жүзіне саяхат ұйымдастырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Туристік агенттіктегілердің ойынша, әлемді аралағысы келетін саяхатшылар көбінесе жайлылық үшін артық төлеуге мәжбүр. Сондықтан олар қоршаған ортаға көміртегі қалдықтарын азайту үшін ұшақсыз қозғалатын экологиялық бағытпен жүреді. Пойыздар мен жүк су кемелері пайдаланады.

Сонымен қатар, олардың 80 күндік саяхаты шынымен есте қаларлықтай болады. Саяхатшылар бірінші класты вагондарда немесе жеке жатын купелерде, жүк кемесінде - ванна бөлмелері бар жеке каюталарға орналасады. Туристер ыңғайлы, төрт жұлдызды қонақүйлерде тоқтайды.

Реклама
Реклама

@Shutterstock

independent.co.uk мәліметінше, туристер әлемнің ең танымал қалаларына барады деп күтілуде. Саяхат Лондоннан басталады. Саяхатшылар пойызбен бүкіл Еуропаны кесіп өтеді, содан кейін украиналық Львов қаласына, әрі қарай Ресейдегі Мәскеу мен Самараға барады.

Саяхат маршруты Жібек жолын қайталайды деуге болады.

Тур Қазақстан жерімен: Арал және Байқоңыр арқылы өтеді. 10 күн бойы саяхатшылар көрші Өзбекстанда қалады, олар оның тарихи қалаларын зерттеуге арналады.

Қытайда туристер Бейжің мен Шанхайды қоса бес қалаға барады. Сямыннан саяхатшылар Тынық мұхиты арқылы АҚШ-тағы Лос-Анджелеске жүк кемесімен 16 күндік сапарға аттанады.

Әрі қарай тур пойызбен жалғасады. Сан-Франциско арқылы Сиэтлге барады. Онда шекара асып Ванкуверге жетеді. Содан Торонтодағы әйгілі канадалық трансконтинентальды пойызбен жүреді.

Торонто мен Монреалда аялдамалар болады, онда саяхатшылар пойызға отырып, Нова Скотияның Галифакс қаласына барады. Содан кейін саяхатшыларды Атлант арқылы Ливерпульге жүк кемесімен бір апталық сапар күтеді.

Тур бағасы - 26 500 фунт стерлинг (шамамен 16 миллион теңге). Оған көлік пен трансфер, тұру және экскурсия шығындары кіреді.

Бұл маршрут бойынша саяхат 2023 жылдан ерте басталмайды деп жоспарланып отыр.

Бірақ дүние жүзін шарлауды жоспарлағандарға, жүк кемелеріндегі орындар шектеулі болғандықтан, турды алдын-ала брондау ұсынылады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная