Қайықпен саяхаттаған туристер ұйықтап жатқан китпен соқтығысты

© pixabay

Әлемде катамаранмен саяхаттап жүрген ұлыбританиялық отбасы Атлант мұхитында ұйықтап жатқан китпен соқтығысты, - деп хабарлайды Mirror.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемде катамаранмен саяхаттап жүрген ұлыбританиялық отбасы Атлант мұхитында ұйықтап жатқан китпен соқтығысты, - деп хабарлайды Mirror.

33 жастағы Закари Смолл мен Кимберли Пеллетье Жирар екі қызы Ануа мен Уиллоу (сегіз және бес жас) 2022 жылы қайықпен бүкіл әлемге саяхатқа шыққан. 2 қыркүйекте Азор теңізінен Ұлыбританияға өткенде олардың қайығы ұйықтап жатқан китке соқтығысқан, соның салдарынан су көлігінде тесіктер пайда болып, су кіре бастаған. 

Реклама
Реклама

Ұйқысынан оянған отбасы лезде суды қайықтан шығарып, тесікті силиконмен бітеуге кіріскен, алайда бұл ісі өнім бермеген соң апат сигналын беріп, құтқару шлюпкаларын даярлап, көмек күтіп отырған. Таңғы алты шамасында оларды мұнай таситын танкер алып кеткен. Отбасы катамаранды және жеке заттарын тастауға мәжбүр болған. 

Қазіргі уақытта саяхатшылар Смоллдың анасының үйінде тұрады және жаңа қайыққа ақша жинап жатқан көрінеді. Отағасының айтуынша, сәтсіз тәжірибе болғанынан қарамастан саяхатқа қайта шығуды қалайды екен. 

Суреттер Закари Смолдың жеке мұрағатынан

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная