Қай елдерде әлі де бетперде тағу міндеттеледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Әлем елдерінің басым бөлігінде бетперде тағу тәртібі алынып тасталды немесе айтарлықтай жеңілдетілген. Дегенмен ғаламшарымыздың біраз бөлігінде антивирустық тыйымдар әлі де сақталған, тіпті күшейтілгені де бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлем елдерінің басым бөлігінде бетперде тағу тәртібі алынып тасталды немесе айтарлықтай жеңілдетілген. Дегенмен ғаламшарымыздың біраз бөлігінде антивирустық тыйымдар әлі де сақталған, тіпті күшейтілгені де бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бірінші кезекте бұл жойылып біткендей көрінген Ковидтің екінші толқыны басталып кеткен Азия елдері. Оны BF.7 атауы берліген Омикрон штамының бір түрі қоздырып отыр. Қуанышқа орай коронавирустың бұл түрінің қауіптілігі төмендеу, алайда ҚХР ауруханалары қайтадан сырқаттанып қалған адамдарға лық толы. Екі ұшты жағдайға қарап, әлемнің өзге елдері коронавирустық шектеулерді алып тастауға асықпайды. Ондай Еуропа және Америка елдерінде де бар.

Еуропа

Испания билігі бетперде тағу режимін 2023 жылдың наурзына дейін созды, бұл елдің оңтүстік аймақтары мен Канар аралдарына қатысты. Әзірге бұл елде бетпердені тек қоғамдық көлікте ғана талап етуде, алайда жағдай ушықса, бұл тәртіптің күші қоғамдық ғимараттарға да жайылуы мүмкін. Германияда да осындай шектеулер бар, екі аймақ - Бавария мен Саксонияға ғана қатысты емес. Аустрияның басым бөлігінде бетперде тағу ережесі жазда жойылған, бірақ Венаның жолаушылар көлігінде бұл тәртіп әлі де бар. Францияда медициналық мекемеде бетпердесіз жүре алмайсыз. Ал қоғамдық көлікте қатаң талап қойылмаса да, ел билігі метрода FFP2 респераторларын пайдалануды сұрауда. Кипрде 12 жастан асқандардың барлығы қоғамдық көлікте жеке қауіпсіздігін сақтау міндет, ал клиникалар мен аптекаларға бетпердесіз кіре алмайсыз.

Азия

Бүгінгі таңда Қытайда жабық нысандарда бетперде тағу міндет (Гонконгті қоса). Үндістан, Оңтүстік Корея, Индонезия, Сингапур, Вьетнам мен Малайзияда да солай. Желтоқсан ортасында Бейжің қатаң локдаундардан бас тартты. Жаңа жыл алдында елге кірушілерге жеңілдіктер жасалды. 8 қаңтардан бастап Қытай аумағына кірушілер антигенге тапсырған тестінің нәтижесін көрсетсе болғаны. Дегенмен елге туристік виза алу әлі де мүмкін емес, алайда жеңілдету үрдісі басталып келеді.

Ал Үндістанда керісінше. 24 желтоқсаннан бері елге кіретіндердің 2 пайзы Ковидке тест тапсыруға міндет. Ел ішінде жрегілікті болсын, сырттан келген адам болсын жаппай бетперде тағу ұсынылған. Ал Тадж-Махал сияқты кейбір нысандарға бару үшін ПТР тест немесе вакцинация (Спутник V да болады) жасатқаныңыз туралы анықтама қажет.

Солтүстік және Оңтүстік Америка

Бразилия әуежайлар мен ұшақтарда бетперде тағу режиміне оралды. Аргентина 31 желтоқсаннан бері Төтенше жағдай режимін созды. Канада мен АҚШ-та бетперде тағу міндет емес, алайда тағып жүру жауапкершіліктің белгісі болып саналады. Әсіресе Нью-Йорк пен Калифорнияда.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная