Каталония туристер үшін шекарасын қашан ашатыны белгілі болды

Испания билігі барлық саяхатшы үшін туристік маусымды мамыр айында бастағысы келеді, бірақ Каталония шетелдіктерді тамыздың соңында ғана кіргізуі мүмкін, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясындағы Catalan Tourist Board (каталониялық туризм агенттігі) өкілі Михаил Сидоров БАҚ-қа берген сұхбатында облыстағылар халықаралық туризм маусымын ашуға асықпайтынын айтты. Автономия билігі COVID-19 жағдайының бақылауда екеніне сенімді болғысы келеді. Олардың пікірінше, антиковид шаралары тамыз айының соңы мен қыркүйектің басына дейін жеңілдетілмейді.

Михаил Сидоровтың айтуынша, жаппай вакцинациялау нәтижелері шешім шығаруға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Еске салайық, қазір ЕО елдері "негізгі емес", оның ішінде туристік сапарлар және виза беру үшін әлі ашылған жоқ.