COVID-19 пандемиясы қашықтан жұмыс істеу белең алғаны рас. Әлем коронавирустан айықса да, кейбір IT мамандары мен онымен байланысты салалар әлі де кеңседе отырғысы келмейді. ExpressVPN виртуалды жеке желі мамандарының жақында жүргізген зерттеуі қашықтағы жұмыс істейтіндер мен "цифрлық көшпенділер" үшін өмір сүруге арналған ең жақсы 20 орынды анықтады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі қай елдерде қашықтан жұмыс істеу ыңғайлы әрі тиімді екенін баяндайды.
Қашықтан жұмыс істейтіндер үшін ең жақсы аймақтар әлемнің әр жерінде орналасқан. Оның екеуі Еуропада.
"Көп мемлекет техникалық инфрақұрылымды жаңартып, цифрлық жұмысшыларға виза беру арқылы жаһандық экономика адамдар үшін тұрақты бизнес үлгісін жасады", - деп атап өтті Euronews.
Сонымен, жұмыс пен саяхатты біріктіру үшін қайда бару керек? Мұнда қашықтан жұмыс істейтіндер ұсынған орындардың тізімі берілген.
Мадейра, Португалия
Лиссабон мен Порту сияқты Португалияның басқа қалаларында бағаның шарықтап кетуі мен халықтың көптігі, Мадейраны цифрлық көшпенділер мен шетелден келген қашықтағы жұмысшылар үшін қолжетімді жерге айналдырды. Қоңыржай климат пен мұхит жағалауында орналасуы аралды үйде дәстүрлі мәдениетті, ал жұмыс орнында заманауи мәдениетті іздейтін жандар үшін таптырмас орынға айналдырды.
Соңғы инфрақұрылымдық жаңашылдықтың арқасында Мадейра Португалиядағы ең жылдам интернетпен мақтана алады. Шетелдік қашықтағы жұмысшылар тұрғын үй мен жұмыс кеңістігін біріктіретін гибридті жұмыс кешендерін жалға ала алады. Екі бөлмелі пәтерді жалдау құны айына шамамен 850 еуроны құрайды.
Таллин, Эстония
Эстонияның астанасы Балтық теңізінің жартасты, әдемі жағалауында орналасқан. Мұндағы климат тізімдегі басқа қалаларға қарағанда суық, бірақ дамыған цифрлық инфрақұрылымы қашықтағы жұмысшылар мен "цифрлық көшпенділерді" тартпай қоймайды.
Бәсекеге қабілетті интернет жылдамдығымен және барлық мемлекеттік қызметтерге онлайн қолжетімділігімен Таллин басқа қымбат туристік еуропалық қалаларға қарағанда қолайлы.
Қашықтан жұмыс істейтіндер үшін Эстонияның басты артықшылықтарының бірі оның икемді виза саясаты болып табылады. "Цифрлық көшпенділер" электрондық резидент мәртебесіне ие бола алады, бұл оларға келмей-ақ қашықтан бизнес ашуға және басқаруға мүмкіндік береді.
Бермуд аралдары
Бермуд аралдары шытырман оқиғаны іздейтін және дәстүрлі ортадан толығымен бас тартуға дайын қашықтағы жұмысшылар мен "цифрлық көшпенділер" үшін өте тартымды.
Бермуд әлі күнге дейін қызғылт құмды жағажайларымен танымал туристік бағыт болғанымен, ол сонымен қатар жақсы интернет жылдамдығымен және коворкинг-кеңістіктерімен мақтана алады.
Сонымен қатар, Бермудтың салық кодексі тұрғындарға табыс салығын салмайды. Қашықтағы жұмысшылар аралда бір жылға дейін жұмыс істеуге және тұруға мүмкіндік беретін Work from Bermuda сертификатын ала алады.
Чиангмай, Таиланд
Таиландтың солтүстік тауларында орналасқан Чиангмай қашықтағы жас жұмысшылар үшін танымал орынға айналды. Елде "цифрлық көшпенділер" үшін арнайы виза жоқ болса да, қалада мұндай жұмысшылар өте көп. Қашықтағы жұмысшылар елде қандай да бір табыс табуы үшін олар мемлекеттік жұмысқа рұқсат алуы керек. Арнайы туристік виза саяхатшыларға Таиландта 270 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.
"Цифрлық көшпенді" Марджолейн Дилвен Тайландтағы тәжірибесі туралы былай дейді:
"Біз Таиландта болған кезде интернет өте жылдам болды. Тіпті Тайландтың оңтүстігіндегі шағын аралдарда болған кезде де бізде бейне қоңыраулар мен қашықтан жұмыс істеу үшін жеткілікті жақсы байланыс болды. Таиландта тұру АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда арзан. Сонымен қатар мұнда қашықтан жұмыс істеуге арналған кеңістіктер өте көп".
Бали, Индонезия
Индонезиядағы Бали аралын жиі "құдайлар аралы" деп атайды, "цифрлық көшпенділер" үшін танымал орынға айналды. Балидегі халықаралық қауымдастық пен коворкинг алаңдарының көптігі шетелдік жұмысшыларға бизнес ашуға, баспана табуға және қала ішінде әлеуметтік желі құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бали "цифрлық көшпенділерге" виза енгізуді жоспарлап отыр. Арал үкіметі мен жеке инвесторлар оның цифрлық инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты, Wi-Fi қоғамдық орындарда және коворкинг кеңістігінде толығымен қолжетімді.
The Budget Savvy Bride журналының авторы және негізін қалаушы Джессика Бишоп өз тәжірибесін былай деп еске алады:
"Мен бес жылдан астам қашықтан жұмыс істеп, цифрлық көшпелі өмір сүріп жатырмын. Мен Оңтүстік-Шығыс Азияда, Англияда, Еуропада, АҚШ-та және Мексикада уақыт өткіздім. Өмір сүру сапасы мен құны менің ең маңызды шешуші факторларым болды. Бұл өмір салтын маған Балиде көбірек ұнады: мен онда алты айға жуық болдым. Уақыт белдеулерін айтпағанда, онда жұмыс істегенді ұнатамын және күндердің күні қайтып оралғым келеді.
Дегенмен, Балиде жұмыс істеу барлығына бірдей ұнай бермейді.
Марджолейн Дилвен: "Мен Бали қашықтан жұмыс істеуге тамаша орын болады деп күткенмен, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда интернет өте нашар болды. Сондай-ақ, егер сіз танымал туристік аймақтар аймақтврда тұрғыңыз келсе, бағасы да арзанға шықпайды".
Бангалор, Үндістан
Технологияға қолайлы экономикасы мен жергілікті білімді жұмысшыларының арқасында қайнаған Бангалор қаласы Үндістанның "Силикон алқабы" деп те аталады. Қашықтағы жұмысшылар мен "цифрлық көшпенділер" қаланың іскерлік ауданында өз орнын оңай таба алады.
Бангалордың климаты Үндістанның басқа аймақтарымен салыстырғанда жұмсақ, жайлы.
Үндістанда қашықтан жұмыс істегісі келетін шетелдік мамандар үшін ел ұзақ мерзімді визаны ұсынады. "Цифрлық көшпенділер" үшін арнайы виза бағдарламасы болмаса да, дәстүрлі жұмыс визасы бес жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.