Қашықтан жұмыс істеу үшін қолайлы үздік елдер аталды

Kaz.tengritravel.kz тілшісі қашықтан жұмыс істеу үшін әлемдегі ең жақсы бағыттардың тізімін ұсынады.

NordLayer компаниясы 66 елдің негізгі көрсеткіштерін алды. Оның ішінде қауіпсіздік, интернет сапасы, туристік тартымдылық, өмір сүру құны, ағылшын тілін білу және қашықтан жұмыс істеуге арналған ең жақсы елдердің рейтингін жасады.

Қашықтан жұмыс істеудің жаһандық индексінде бірінші орынды Германия 0,824 ұпай жинап алды. Елдегі өмір сүру құны кестеде ең жоғары, ал интернет сапасы мен бағасы ең тартымды емес болғанына қарамастан, ағылшын тілін меңгерудің, білім беру мен денсаулық сақтауға инвестициялардың, сондай-ақ туристік тартымдылықты бағалаудың арқасында елге бірінші орын берілді.

Екінші орын - Дания, индексі 0,816. Ел интернеттің, электронды инфрақұрылымның және жаһандық медициналық көмектің сапасын жақсартқан.

Үшінші орын - лайықты экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың, цифрлық және физикалық инфрақұрылымның арқасында жалпы индексі 0,809 болған АҚШ. Сонымен бірге, кесте елдің киберқауіпсіздік рейтингі өте төмен және өмір сүру құны жоғары екенін көрсетті.

Испания - төртінші орында және 0,796 ұпай. Мұнда киберқауіпсіздіктің жақсы көрсеткіштері тіркелді, өмір сүру құны қолжетімді және рейтингтегі барлық ел арасында туристік тартымдылық бойынша рейтингте жоғары тұр.

Бесінші орынды 0,794 нәтижесімен Литва иеленді. Елде киберқауіпсіздік деңгейі жоғары және қолжетімді интернет бар, дегенмен оның сапасы кейбір бәсекелестерден артта қалады.

Қашықтан жұмыс істеуге арналған үздік ондыққа Нидерланды, Швеция, Эстония, Сингапур, Франция кірді.

Айта кетейік, Қазақстан талданған елдер тізіміне енбеген. Алайда қазақстандық саяхатшылар арасында танымал бірнеше ел рейтингке енді: Түркия - 46-орын, БАӘ - 39-орын, Кипр - 40-орын, Қытай - 45-орын, Үндістан - 49-орын, Таиланд - 41-орын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!