Кариб теңізінде екі баласымен жүрген туристі атып өлтірген

Фото: pixabay.com

Кариб теңізіндегі Белиз курорттық аймағында ер адам екі баласы бар туристі атып тастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі De Telegraaf басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кариб теңізіндегі Белиз курорттық аймағында ер адам екі баласы бар туристі атып тастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі De Telegraaf басылымына сілтеме жасап.

Нидерландыдан келген 43 жастағы әйел, оның 11 жасар қызы мен 8 жасар ұлы Кариб теңізі курортында демалған. Олар Бельмопандағы базарда балмұздақ жеп жатқанда қарулы адам бірнеше рет оқ жаудырып, "сазайыңды тарт!" деп айқайлаған көрінеді.

Оқыс оқиға салдарынан анасы мен қызы тіл тартпай кетті. Ал 8 жасар баласы ауруханаға түсті. Шабуыл жасаған ер адам туристерге пәтерін жалға берген азамат екені анықталды.

Реклама
Реклама

Қазір қаскөй ұсталып, қамауға алынды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная