"Қандай жолаушылармен жұмыс істеу қиын?". Стюардесса ашығын айтты

pixabay.com

Стюардесса Sun Online Travel блогында қандай жолаушыларға қызмет көрсету қиынға соғатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Стюардесса Sun Online Travel блогында қандай жолаушыларға қызмет көрсету қиынға соғатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көп адам бірден эконом-класс немесе бизнес-класс жолаушылары деп ойлауы мүмкін. Дегенмен стюардесса бұл тұжырымды жоққа шығарды. Себебі көбінесе премиум-эконом класындағы жолаушылар "ұрсысуға бір табан жақын" болады дейді.

"Меніңше, бұл жердегі адамдар бізден көп нәрсе күтеді. Көп жағдайда біз оның барлығын орындай алмаймыз. Олар бір рет сәл көбірек төлесем, коктейльдер мен түрлі тағамды сұрата аламын деп ойлайды. Ал іс жүзінде олар тек ұшаққа тезірек мініп, кеңдеу орынға отыра алады", - деп келтірді Unian басылымы стюардессаның сөзін.

Реклама
Реклама

Бойжеткен атап өткендей, ұшақтың дәл осы бөлімінде "ашуланшақ" жолаушылар көп кездеседі.

"Эконом-класс жолаушыларымен қоса бизнес-класта, бірінші және бизнес-класта саяхаттайтындар ұшаққа мінгенде оларды не күтіп тұрғанын біледі. Олар біз қандай қызмет көрсете алатынымызды және біздің құзырымызға не кірмейтінін жақсы түсінеді",- деп қосты ол.

Стюардесса премиум-эконом - бұл сәл артықшылықтары бар "эконом" екенін ұмытпау керегін айтты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная