Канадалық ұшқыш мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойған

© pixabay.com/BeatriceBB

Канадалық Porter Airlines әуекомпаниясы мүгедек адамды арбасы үшін рейске отырғызудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Канадалық Porter Airlines әуекомпаниясы мүгедек адамды арбасы үшін рейске отырғызудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

21 қаңтарда Торонто тұрғыны Кен Харроуер Канаданың Халықаралық Калгари әуежайы арқылы үйіне ұшуға тиіс болған. Ол әуекомпанияны өзінің жағдайы туралы хабардар еткен, дегенмен ұшқыш Харроуерді арбасындағы аккумуляторы үшін бортқа кіргізуден бас тартқан. Ер адамның сөзінше, арбадағы аккумуляторды арнайы мамандарсыз өшіріп тастау мүмкін емес.

Реклама
Реклама

"Арбам электржетекпен жабдықталған. Мен онсыз жүре алмаймын, - деді канадалық.

Ол әуекомпания тарапынан дискриминацияға ұшырағанын айтты.

Global News басылымының деректеріне сәйкес Харроуер мен оның серігі Эрин Браденбург 22 қаңтар, яғни дүйсенбіге басқа рейске билет брондаған. Бұл аздай, түнде Калгариде қонақүй іздеуге мәжбүр болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная