Канада үкіметі жергілікті кәсіпті қолдау үшін туристерге ақы төлейді

Канада астанасы Оттава қаласының билігі елдің басқа өңірінен келген әрбір туристке 100 доллардан төлеп жатыр. Осылайша олар жергілікті бизнестің дамуына сеп болады деген үмітте, ал адамдарға пандемиядан кейінгі ұзаққа созылған дағдарыстан кейін Оттавада көбірек қаражат жұмсауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы OttawaMatters басылымына сілтеме жасап. 

Билік беріп отырған ақша қонақүйлерде номер брондауға беріледі, алайда туристер бұл қаражатты алу үшін кемінде екі түн қатарынан сонда түнеуі тиіс. Мұндай ұсыныс 2020 жылдың тек 31 желтоқсанға дейін ғана жарамды. 

Жергілікті туризм мен бизнесті дамыту үшін канадалық елорданың билігі мұндай шараларды жиі ұсынады. Мысалы наурызда Канада астанасында кез келген қонақүйде тұруға тапсырыс берген адамның картасына 100 доллар түседі. Бұл қаражатты ол Оттава аумағында кез келген шығындарды өтеуге жұмсай алады.

Осындай акциялар карантин кезінде жергілікті бизнеске оң әсерін береді, өйткені туристер саны тым азайып кеткен. Оттава орналасқан Онтарио провинциясы коронавирус пандемиясына байланысты туристік салада 17,5 миллиард жоғалтқан.