Канада қыркүйекте вакцина салдырған туристерге келуге рұқсат етеді

Канада қыркүйектен бастап әлемнің барлық елінен вакцина салдырып келетін туристерге кіруге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

РИА Новости мәліметінше, Канада билігі пандемиямен күрес аясында елдің шекарасын қауіпсіз кесіп өту мәселелерін талқылады. Толық вакцина салдырған азаматтар осы күзде Канадаға кедергісіз келе алады.

Реклама
Реклама

"Премьер-министр егер вакциналаудың қазіргі динамикасы мен денсаулық сақтау жағдайы бірдей деңгейде болса, Канада әлемнің барлық елінен вакцина салдырған саяхатшыларды қабылдай алатынын атап өтті", - делінген хабарламада.

Алайда, мәлімдемеде Канада билігі барлық вакцинаны немесе олардың бірнешеуін ғана жарамды деп тани ма, жоқ па - белгісіз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!