Камбоджада көбірек турист тарту үшін жаңа әуежай ашылды

Қытай көмегімен Камбоджаның туристік аймағы Сиемриеп провинциясында жаңа халықаралық әуежай ашылды. Әуеайлақтың жанында әлемге әйгілі ежелгі үнді ғибадатханасы Ангкор-Ват орналасқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Khmer Times газетіне сілтеме жасап.

Алғашқы әуерейс Бангокқа дүйсенбіде қонды. Bangkok Airways орындаған рейсті "Сиемриеп Ангкор халықаралық әуежайында" Камбоджаның вице-премьері Вонгсей Висот күтіп алды.

Әуежайдың ұшу-қону алаңы 3600 метрге созылған және әлемнің барлық елінен халықаралық рейстерді күтіп алып, шығарып салуға барлық мүмкіндік жасалған.

"COVID-19 пандемия кезеңінен кейін жоба аясында Сиемриеп провинциясында туризмді дамытуға жаңа серпін береді. Бұл Камбоджа мен Қытайдың нәтижелі серіктестігінің арқасында жүзеге асқан жоба болды", - деді вице-премьер.

Газет тілшілерінің мәліметінше, Сиемриеп Ангкор халықаралық әуежайы 2024 жылдан бастап жылына 7 миллион жолаушыны қабылдай алады, ал 2040 жылдан бастап бұл сан жылына 12 миллион жолаушыға дейін артады. Хаб тарихи "Ангкор-Ват" саябағынан 40 шақырым жерде және сол провинцияның астанасы Сиемриеп қаласынан 50 шақырым жерде 700 гектар жерде орналасқан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!