Жұмысшылар жол қысқарту үшін Ұлы қорғанды эксковатормен тесіп өткен

© pixabay.com/Peggy_Marco

Қытайдың Шаньси провинциясында елдегі Ұлы қорғанның бір бөлігін құрылысшылар экскаватормен зақымдап, өткел жасап алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ВВС арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Шаньси провинциясында елдегі Ұлы қорғанның бір бөлігін құрылысшылар экскаватормен зақымдап, өткел жасап алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ВВС арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, екі құрылысшы жұмысқа дейін жолды қысқарту үшін осылай істеген деп күдікке ілінді. Қазір олар ұсталып, тергеліп жатыр.

38 жастағы ер адам және 55 жастағы әйел қорғанның зақымдалған бөлігінің маңында жұмыс істеген. Олар қорғанның шұқырайып тұрған жерін экскаватор өтетіндей етіп кеңітіп алыпты.

Реклама
Реклама

Полиция құрлысшылардың бұл әрекеті "Мин ұлы қорғанының бүтіндігі мен мәдени жәдігерлердің сақтаулына орны толмас зиян" келтірген.

Қорғанның Мин әулеті билікте болған заманда салынған Юйю уезіндегі бөлігі провинциялық көлемде қорғалатын тарихи-мәдени нысанға жатады.

Қытайдың ұлы қорғаны 1987 жылдан бері ЮНЕСКО мұрасына кіреді, ол біздің заманымызға дейін 220 жылдан бастап Мин әулеті елге билік еткен 1600 жылдарға дейін үздіксіз көтеріліп, бұзылып қайта салынып отырған.

Қорғанның қазірге дейін жақсы сақталған тұстары Мин әулеті уақытында 14 пен 17 ғасыр аралығы көтерілген. Ал енді ол жерде үлкен тесік тұр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная