Жүк тасушылар әуежайда сөмкелерді неге лақтыра салатыны айтылды

© elements.envato.com

Желіде әуежайдағы жүк тасушылардың жолаушылар багажын қалай болса солай тасымалдайтын - көлікке лақтыра салып, жерге құлатып жатқан видеолар көптеп таралуда. Мұндай жағдай неге жиі болатынын жүк кешенінің бұрынғы қызметкері Владимир Ковалев айтып берді, деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы VM басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде әуежайдағы жүк тасушылардың жолаушылар багажын қалай болса солай тасымалдайтын - көлікке лақтыра салып, жерге құлатып жатқан видеолар көптеп таралуда. Мұндай жағдай неге жиі болатынын жүк кешенінің бұрынғы қызметкері Владимир Ковалев айтып берді, деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы VM басылымына сілтеме жасап.

Жолаушылар ағымы көп болған сайын жүкті іріктеуге уақыт болмай кетеді екен.

"Әсіресе бұл халықаралық ірі әуежайларға қатысты. Қай ел екені маңызды емес. Жүк көбейіп кеткенде оны жылдам тиеу қажет. Ал чемодан сына ма, бүтін қала ма, оның сапасы мен салмағына тікелей байланысты", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Пошта бөлімдерінде де осындай жағдай екен. Осыған байланысты жүк тасушылардың жұмысын жолашулардың өздері жеңілдете алады.

"Чемоданға тірелгенше ауыр заттар салудың қажеті жоқ. Оданда оны бірнеше сөмкеге бөліп салған абзал. Жүкті тиеу жұмысын техника емес, адамдар жасайды. Сол себепті салмағы 20-30 келілік ауыр чемоданды кім ұзақ көтеріп тұра алады. Сондықтан өте ауыр затты жылдам лақтыруға тырысады?" - дейді экс қызметкер.

Маман ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін кеңес берді.

Егер сіз сынып қалуы мүмкін зат алып бара жатсаңыз, оны чемодан ортасына салып, жан жағын жұмсақ заттармен толытырып қойсаңыз жөн. Сонымен бірге, чемодан таңдауда тұтқасына мән бергеніңіз абзал, өйткені чемоданды көтергенде бар күш сол жерге түседі.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная