Жолаушыларға уақыт белдеуін жиі өзгертудің қаупі ескертілді

Ұлыбританиялық дәрігер Джонатан Лири саяхатшыларға уақыт белдеулерінің өзгеру қаупі туралы ескертті. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, жиі ұшатын адамдар ағзадағы магнийдің жоғары деңгейін ұстап тұруы керек.

"Адам жиі ұшқанда оның ас қорыту процесі бұзылады. Ұшу ағзаны құрғатады және бүкіл денеде қысым сезімін тудырады", - деді ол.

Сондай-ақ, маман бұл зат жетіспеген кезде бұлшықеттер шиеленісіп, босаңсу қиынға соғатынын атап өтті.

"Есіңізде болсын, сіздің ішектеріңіз де бұлшықет, сондықтан магний де оны ынталандырады. Бұл сізге қай уақыт белдеуіне түссеңіз де, тыныштандыруға және ұйықтауға дайындалуға көмектеседі", - деп түсіндірді сарапшы.

Лири бұл минералды тамақ түрінде де (кептірілген бұршақ, дәнді және майсыз сүт өнімдері), таблетка түрінде де қолдануға болатынын айтты.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!