Delta AirLines әуекомпаниясының бірнеше жолаушысы ұшақ салонындағы рекордтық ыстықтан есінен танып қалды. Оқиғаны толығырақ Fox Business басылымын жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға Лас-Вегастағы Гарри Рид халықаралық әуежайында болды. Бортта болған Fox News қызметкері Криста Гарвиннің айтуынша, Атлантаға ұшуды күткен бірнеше жолаушы қатты температураға байланысты өзін нашар сезінген. Ауа температурасы Фаренгейт бойынша 111 градусқа дейін көтерілген (шамамен 44 градус Цельсий), кейде Фаренгейт бойынша 115 градусқа дейін жоғарылаған (шамамен 46 градус Цельсий). Борттағы кондиционер жұмыс істемеген
Жолаушы ұшқыш төтенше жағдайлар туралы көптеген хабарламаға байланысты ұшақ қонуға қайта оралуы керек деп жариялаған кезде жағдайдың нашарлағанын айтты. Борттағы сәбилер қатты айқайлай бастаған, ал бортсеріктер салонға оттегі цистерналарын әкелуге мәжбүр болады.
Сондай-ақ, журналист өзін нашар сезінген жолаушыларға ұшақтан түсу ұсынылғанын айтты, бірақ оларға Атлантаға келесі рейс бірнеше күннен кейін ғана болатыны да ескертілген. Сондықтан, оның айтуынша, көптеген турист салонда қалуды жөн көрді.
Төрт сағаттан кейін рейс тоқтатылды деп жарияланды және жолаушылардан әуежайға оралу сұралды, өйткені бірнеше экипаж мүшесі де есінен танып қалған, деп хабарлайды дереккөз. Куәгердің айтуынша, оттегі маскасы бар зембілмен ұшақтан бес жолаушы мен бір бортсерік шығарылған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!