Жолаушылар ұшақта алты айлық баланы өлімнен арашалап қалды

© pixabay.com/angel4leon

IndiGo әуекомпаниясының екі жолаушысы ұшу кезінде өздігінен демала алмаған алты айлық баланы өлімнен арашалап қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Times of India басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

IndiGo әуекомпаниясының екі жолаушысы ұшу кезінде өздігінен демала алмаған алты айлық баланы өлімнен арашалап қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Times of India басылымына сілтеме жасап.

Үндістандық тасымалдаушы 30 қыркүйекте Ранчиден Делиге ұшқан. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 20 минут өткенде экипаж мүшелері бортта шақалақтың денсаулығы нашарлағанын хабарлаған.

Жолаушылар арасында екі білікті медицина маманы болған. Олардың бірі мемлекеттік қызметкер Нитин Мадан Кулкарни балаға жасанды дем беру әдісін жасауға кіріскен. Оған Ранчи қаласындағы аурухананың дәрігері Мозаммил Фероз көмектескен.

Реклама
Реклама

Ата-анасы сәбидің жүрек ақауы барын айтқан және олар оны Делиге емдеуге апара жатқан.

"Анасы жылай берді, баласы болса тұншығып жатты. Дәрігер Мозаммил және мен баланы қамқорлығымызға алдық. Оттегі үлкендерге арналған маска арқылы берілді, өйткені балаларға арналғаны жоқ екен", - дейді Кулкарни.

Дәрігерлер сәбиге ине салып, 15-20 минуттық ем-дом шаралары нәтижесінде бала қалпына келді. Дели әуежайында кішкентай науқасты медицина мамандары күтіп алып, ауруханаға алып кетті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная