Жолаушылар ұшақ қозғалтқышының бір бөлігі жұлынып кеткен сәтті видеоға түсірді

Alaska Airline рейсінің жолаушылар Boeing 737-900ER ұшағының реактив қозғалтқышының капоты жұлынған сәтті видеоға түсірді, - деп хабарлайды Skynews.

Видеода жұлынған бөлшектің салбырап, сосын ұшып кеткені байқалады. Сиэтлден Сан-Диегоға ұшқан жолаушылар басылымға берген сұхбатында оқиғаның ұшу кезінде болғанын, яғни ұшақ әуеге көтерілген сәтте болған. 

Куәгерлердің айтуынша, олар қатты дыбысты естіген, сосын әуекемесі дірілдей бастаған. Ұшақ ұшып шыққан сәттен 30 минут өткен соң апатты жағдайда әуежайға қонған. 

Осы оқиғаның салдарынан ұшақ бортында болған 176 жолаушы да алты экипаж мүшелері де зардап шеккен жоқ. Әуекомпания оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!