Жолаушылар күдікті құрылғы салдарынан бірнеше сағатқа ұшаққа қамалды

Фото: pixabay.com

Арнайы қызмет өкілдері бортта күдікті құрылғыны іздегендіктен жолаушылар ұшақ қонғаннан кейін үш сағат салонға қамалды. Бұл туралы Fox News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арнайы қызмет өкілдері бортта күдікті құрылғыны іздегендіктен жолаушылар ұшақ қонғаннан кейін үш сағат салонға қамалды. Бұл туралы Fox News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Осылайша, америкалық Delta әуе кемесі Джексонвилл халықаралық әуежайына түнгі сағат 12:30 шамасында қонды, ал жолаушылар таңғы сағат 3:30-да шығарылды.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) бортта белгісіз құрылғы болуы мүмкін екенін ескертті және билік саяхатшыларды ұшақтан кеш шығаруға мәжбүр болды.

"Мен терезеден қарадым және әдеттегі ұшу-қону жолағында емес екенімізді түсіндім. Біз әуежайдың ең алыс ұшу-қону жолағында болдық. Демек маңызды бір мәселе болып жатыр деп ойладым", - деді рейс жолаушыларының бірі.

Кейін АҚШ әуежайының кеден аймағында жолаушыларды тағы тексерді, жауап алынды, содан соң қонақүйге жіберілді.

Айта кетейік, ешқандай құрылғы табылмады, бірақ тергеу жалғасып жатыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная