Майамидегі (АҚШ) халықаралық әуежайда жолаушылар жаппай төбелесті. Оларды полицей тоқтатуға тырысты. Оқиғаның видеосын Daily Mail жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, жолаушылардың агрессив әрекеті рейстің кешігуіне себеп болды. Кадрларда көптеген адам жанжалды қалай қоршап алғанын көруге болады. Бұл уақытта тәртіп сақшысы төбелестің бір қатысушысын шетке шығаруға тырысады, бірақ бірнеше америкалық жолдасына көмекке асығады.
Кейінірек полицейге басқа ер адам жұдырығымен шабуыл жасайды. Салдарынане заң өкілі артқа шегініп, мылтық шығаруға мәжбүр болды. Жанжалды тоқтату үшін басқа полицейлер жұмылдырылады. Екі адам қамауға алынған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!