Жолаушы ұшақта жасырын темекі шегіп, ұсталған кезде полицеймен төбелесті

Ұшақ жолаушысы борттағы қауіпсіздік ережелерін бұзып, әуе кемесінен кетуден бас тартты. Оқиға видеоға түсірілді. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

10 қазанда Дарвиннен (Аустралия) Аделаида қаласына келген ұшақ экипажы әуежай полициясына дәретханада жасырын темекі шеккен 54 жастағы жолаушының бортында болғанын хабарлады. Сонымен қатар, ер адам жолаушыларға дөрекілік танытқан.

10 қазанда Дарвиннен (Австралия) Аделаида қаласына келген ұшақ экипажы әуежай полициясына дәретханада жасырын темекі шеккен 54 жастағы жолаушының бортында болғанын хабарлады. Сонымен қатар, ер адам жолаушыларға дөрекілік танытқан.

Бортқа көтерілген полиция қызметкері тәртіп бұзушыны ұстауға тырысты, бірақ ол қарсылық танытқан. Видеодан олардың арасында төбелес қалай басталғанын көруге болады.

Агрессивті жолаушыға ұшақ бортында темекі шегу, бұзақылық, ұшу экипажына бағынбау және полицияға шабуыл жасады деген айып тағылды. Ер адам сот отырысына дейін кепілмен босатылды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!