Жолаушы ұшақта бортсерікті ұрып, қамауға алынды. Видео

Жолаушы өтіп бара жатқан бортсеріктің артынан барып жұдырығымен басынан ұрған сәт видеоға түсіп қалды. Бұл туралы CBS News хабарлайды.

Оқиға Мексиканың Сан-Хосе-дель-Кабо қаласынан Лос-Анджелеске ұшып бара жатқан American Airlines әуекомпаниясының рейсінде болды. Видеода жолаушылардың бірі ер адамның орнынан тұрып, экипаж мүшесіне жақындап, басына соққы жасағанын түсірді.

Бортсерікті ұрғаннан кейін ер адам өз орнына отырды. Оқиға куәгерлері экипаж мүшелеріне оны лайнер қонғаннан кейін полицияға беруге көмектесті.

Шабуылдаушы қамауға алынды, енді ол ұшу кезінде экипаждың әрекетіне араласқаны үшін жазаланады.

Жанжалға не себеп болғандығы туралы хабарланбады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!