Жолаушы жарнамасына сай болмағаны үшін әуекомпанияны сотқа берді

Emirates-тің бизнес-санатынан көңілі қалған жолаушы әуекомпанияны сотқа берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, арызданушы ұшақтағы ластық, қолайсыздық және қызметтің "жарнамасына сай келмейтініне" шағым түсіріпті.

20 жастағы Броди Чепмен осы әуекомпаниямен жылына 20 шақты рет саяхаттайды екен. Ослодан Дубайға барарада ол 3240 аустарлиялық долларға (945 мың теңге) жайлы бизнес-санаттағы орынды алған. Ал орнына келгенде орындығы тіпті шалқаймайтынын анықтайды. Ұшақтың өзі де оңып тұрмаған көрінеді. Ер жігіт компанияны "бренд туралы түсінікті бұрмалады" деп айыптады. Енді ол 5000 аустралиялық доллар (1,5 миллион теңгедей) өндіріп алмақ.

Реклама
Реклама

"Орындық лас болды, оған шұлығым жабысып қалды. Ол лайықты түрде шалқаймайды және экрандардың бірі сынған. Олар Boeing 777 немесе A-380 ұшақтарының сәнді борттарын жарнамалайды, алайда мен ұшқан ұшақ өте нашар болды. Бұл бортты жарнамаға қоспайды, ал оған 23 жыл болған екен. Олар жарнамалаған қызметтің ешбірі қолжетімді болмады", - деп береді оның сөзін Daily Mail Australia.

Компания өкілдері эксплуатациялық талаптар бойынша ұшақтар соңғы минутта ауыстырылуы мүмкін екенін айтты. Алайда жолаушы бұл жауапқа қанағаттанбады.

"Emirates-пен ұшу үшін көбірек ақша төлеймін, өйткені жарнамасында керемет жағдай ұсынады. Ал бергендері уәде еткендерінен мүлде басқа болса, бұл әділдік емес", - деді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!