Жолаушы дәретханаға баруға тыйым салған стюардессаның шашын жұлды

Фото: pixabay.com

Малагаға ұшып бара жатқан жолаушы әуекемесі қонатын кезінде дәретханаға барғысы келген. Алайда стюардессалар оған орнынан тұруға тыйым салған. Ашуланған әйел экипаж мүшелерінің шашын жұлды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Olive Press сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Малагаға ұшып бара жатқан жолаушы әуекемесі қонатын кезінде дәретханаға барғысы келген. Алайда стюардессалар оған орнынан тұруға тыйым салған. Ашуланған әйел экипаж мүшелерінің шашын жұлды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Olive Press сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 10 наурыз күні таңертең болған. Рейс марокколық Рабаттан ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да Малагаға қонуы керек еді. Ұшақ қонатын кезде жолаушылардың бірі дәретханаға бару үшін орнынан тұрады. Стюардессалар дәретханалар жұмыс істемейтінін ескертіп, одан орнына отырып, қауіпсіздік белдігін тағуды сұрады. Ашуланып кеткен саяхатшы экипаж мүшелеріне шабуыл жасап, шаштарын жұлып, ұра бастады.

Ұшақ қонғаннан кейін полиция жанжал шығарған әйелді ұстады.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная