Жігітімен саяхатқа шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

АҚШ-та 22 жастағы турист жігітімен бірге елге саяхатқа аттанды және жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Бұл туралы NBC News жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Лонг-Айленд тұрғыны Габриэль Петито және оның жас жігіті Брайан Лондри фургонмен Америка Құрама Штаттарын саяхаттауға шыққан.

Қыз Вайомингтегі Гранд Титон ұлттық паркінде соңғы рет байланысқа шықты. Анасының айтуынша, қыз FaceTime-ға 23 немесе 24 тамызда қоңырау шалған. Бес күннен кейін 30 тамызда оған мәтіндік хабарлама келген. Бірақ әйел оны қызының шынымен жібергеніне сенімді емес.

Қазір полиция ерлі-зайыптылардың жоғалып кету жағдайларын тергеуді бастады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!