Жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардың Түркияда демалуы қауіпсіз бе? СІМ жауап берді

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардың Түркияда демалуы қауіпсіз бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Табиғатты болжау мүмкін емес, сондықтан Түркияға барған кезде әрбір азамат өз бетінше шешім қабылдап, барлық тәуекелдерді бағалауы керек. Сондықтан, қазақстандықтар барса да, біздің дипломаттарымызбен, елшіліктерімізбен және консулдықтарымызбен байланысып, сұрақтар туындаған жағдайда біз барынша жәрдем көрсете алуымыз үшін олармен дереу байланысу қажет", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ баспасөз қызметінің өкілі Қазақстан әлемнің барлық елімен жақсы дипломатиялық қарым-қатынаста екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Қазақстан әлемнің барлық дерлік елдерімен өте бейбіт және достық қарым-қатынаста. Ешқандай мәселе жоқ. Сондықтан біздің азаматтар өз қауіпсіздігінен қорықпай еш алаңсыз саяхаттай алады - бұл саяси және басқа да мәселелерге қатысты", - деп атап өтті сыртқы саясат ведомствосының өкілі.

Айта кетейік, АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!