Жер бетіндегі ең ыстық күн тіркелді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

АҚШ-тың ұлттық экологиялық болжау орталығы дүйсенбі күні 3 шілдеде рекордтық жоғарғы орташа температураны тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың ұлттық экологиялық болжау орталығы дүйсенбі күні 3 шілдеде рекордтық жоғарғы орташа температураны тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 3 шілдеде жердегі орташа температура цельсий шкаласы бойынша 17 градустан асты. Бұл 1979 жылы бақылаулар басталғалы бері болмаған. Қалыпты емес жоғары температураның болуы, тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің температурасының ауытқу салдарынан болып отыр.

Эль-Ниньо-бұл ең күшті табиғи құбылыс. Тынық мұхитының экваторлық және оңтүстік бөлігіндегі су температурасының мезгіл сайын көтерілуінен болады. Бұл барлық планетаның климатына әсер етеді. 2016 жылдың тамызында тіркелген бұрынғы рекорд 16,92 градус болған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная