Жер бетіндегі ең әдемі күз қай жерде екенін білесіз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Souzi-B

Күз - жылдың ең әдемі мезгілі. Табиғат бізге таңғажайып түстер мен тыныштық сыйлайды, әлемнің әр бұрышын көз бен жан үшін нағыз жұмаққа айналдырады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі қай елдерде күз ерекше әдемі кейіпке енетіні жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Күз - жылдың ең әдемі мезгілі. Табиғат бізге таңғажайып түстер мен тыныштық сыйлайды, әлемнің әр бұрышын көз бен жан үшін нағыз жұмаққа айналдырады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі қай елдерде күз ерекше әдемі кейіпке енетіні жайлы баяндайды.

Агава шатқалы, Канада

Агава шатқалы - Онтарио провинциясындағы Agawa Canyon park ұлттық саябағының бір бөлігі. Бұл жартастардың тарихы бірнеше миллион жыл бұрын басталды, бірақ туристер шатқалдың сұлулығын тек 1970 жылдары ғана ашты.

Туристер бұл таңғажайып жерге арнайы вагондармен келеді: саяхат таңғажайып табиғат көрінісінің әсерінен өте жылдам өтеді.

Шатқалда жабайы табиғат сақталған: құндыз, кірпі, бүркіт және басқа да канадалық жабайы табиғат бар. Шатқал әсіресе күзде, жапырақтары алтын түстес, қызғылт сары және қызыл түстерге айналған кезде әдемі кейіпке енеді.

Нара, Жапония

Момидзи-гари немесе Койо - күзде жапырақтары сары, қызғылт сары, қою қызыл немесе қоңыр түске айналған кезде жапондық жапырақтарды тамашалау дәстүрі. Жапониядағы бұл оқиға маңыздылығы жағынан көктемдегі шие гүлдеріне тең деп саналады және оған көптеген жапондықтар қатысады.

Киотоға жақын жерде орналасқан ежелгі Нара қаласы әсіресе күзгі сұлулығымен танымал. Мұнда алуан түрлі жапырақтары бар үлкен саябақ бар. Алтын, сары және қызыл жапырақтар Тамукеяма ғибадатханасына апаратын жолдарды жауып тұрады.

Хуаншань таулары, Қытай

Хуаншань тауларының шыңдарын Сары таулар деп те атайды. Қазан айында ерекше қызыл жамылғымен көмкерілетін бұл таулар туристер мен фотосуретшілерді қызықтырмай қоймайды. Ал жеңіл, ақ үлпек бұлттар бұл көрініске Қытайға тән эфемерлік атмосфера сыйлайды. Тауда серуендеуге ең жақсы уақыт - таң атып келе жатқанда. Бұл кезде күзгі жапырақтар күн сәулесімен жарқырайды.

Данденонг таулары, Аустралия

Австралиялық күз наурыз айының басында басталады. Жағажай, серфинг пен мәңгілік жазы бар елді күзгі табиғатпен байланыстыру қиын ба? Онда сіз Мельбурн маңында орналасқан Данденонг тауларында болған жоқсыз. Данденонг - табиғи ландшафтты, керемет сұлулығы мен күтілген бақтары бар ұлттық саябақ. Сіз міндетті түрде Альфред Николас мемориалдық бақтарына барып, жерді көмкерген алтын түстес жапырақтарды тамашалауыңыз қажет.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис. Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная