Блогының арқасында әлеуметтік желілерде танымал болған бразилиялық бортсерік Джессика Лионс жолаушылардың ең күлкілі сұрақтарын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Dailystar сайтына сілтеме жасап.
Бортсеріктің айтуынша, мұндай "ерекше" сұрақтарға қосымша тамақтану туралы өтініштер немесе ұшқыштың кабинасын көргісі келетіндер кірмейді.
Джессика экипажды күлдіретін сұрақтар туралы айтты.
"Адамдар менен: "терезені қалай ашуға болады?", "Сіз менің баламның сүтін жылыта аласыз ба?", "Кәмпит сатып алуға бола ма?", "Қайда темекі шегуге болады?", "Жеке жуынатын бөлме немесе дәретхана бар ма?" - деді ол.
Лионс ұшақта, әдетте, жеке жуынатын бөлмесі болмайтынын, терезелердің ашылуы кабинаның қысымын төмендететінін және лайнерде от жағу қауіпсіздік ережелеріне қайшы келетінін түсіндірді.
Сонымен қатар, бортсеріктің айтуынша, барлық темекі әуесқойы әуежайдан рейстің баратын жерінде шыққан бойда темекі шегуіне болады, бірақ ұшақта болмайды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!