Фото Tengrinews.kz

Желіде жолаушылардың ұшақ итерген видеосы жарияланды


Непалда жолаушылар 19 орындық ұшақты итеріп, ұшу-қону жолағынан шығарды. Әуекемесі доңғалағы жарылып, қозғала алмаған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Непалдың Судурпаштин-Прадеш провинциясында жолаушылар Колтидегі Баджура әуежайына қатты қонғаннан кейін ұшақты өздері жылжытты. Желіде кадрлардан бірнеше ондаған адамның әуекемесін орнынан қалай жылжытқанын көруге болады.

"Жігіттерге алғысым шексіз. Мұндай жағдай тек Непалда болуы мүмкін", - деп түсіндірді куәгер.

De Havilland Canada dhc-6-300 Twin Otter ұшағы қонуға кірген кезде доңғалағы жарылады. Ұшқыш аман-есен қонды, алайда әуежайда ұшу-қону жолағынан шығаратын қажет техника болған жоқ. Бұл уақытта бірнеше лайнер қону үшін бос орын күтіп тұрғаны атап өтілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Кипр шетелдік туристерге кіру ережелерін жеңілдетті
Бірінші ел COVID-19 салдарынан туристер үшін шекараны жаппайтынын жариялады
Саяхатта жүріп қашықтан жұмыс істеуге қолайлы елдер аталды